Павлодар облысында тәрбиешінің әрекеті ата-аналардың ашуын туғызды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында тәрбиеші баланы бірнеше рет жұлқығаны видеоға түсіп қалды. Болған жайтты прокурорлар зерттейді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видеоның үзіндісі жарияланды. Кадрдан балалардың киім ауыстыратын бөлмеде киініп, серуендеуге шыққанын көруге болады. Олармен бірге екі ересек адам болған. Біреуі еденде отырған баланы қолынан бірнеше рет жұлқып көтеріп, басқа бөлмеге кіргізеді.

"Асыл бөбек" балабақшасының меңгерушісі Жанар Қайырбекованың айтуынша, аталған жайт мектепке дейінгі мекеменің 5-6 жас аралығындағы балалар баратын алты түзету тобының бірінде болған.

Видеоны көрген ата-аналардың бірі топ жетекшісін жұмыстан шығаруды талап еткен.

"Ол өз еркімен арыз жазып, сол күні жұмыстан шығарылды. Қызметкер балабақшада он жылдан астам еңбек етті", – дейді "Асыл бөбек" балабақшасының меңгерушісі. - Ата-аналар басқа күндердегі камера жазбаларын көруге рұқсат алды".
Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов мұндай тағы бірнеше факті анықталғанын атап өтті.
"Тексеріс жүргізілді, - деді Қайрат Смағұлов. – Бұл топтағы тәрбиешінің көмекшісі мен мектепке дейінгі мекеме логопедінің не болып жатқанын жасыру фактісі бар. Олар жағдайды көрген, бірақ балабақша басшылығын ескертпеген. Қазіргі таңда осы жағдаймен айналысып жатырмыз".
Жаңалықтар
0