Өзбекстандағы жарылыс Қазақстанда естілді: шекаралас ауылдарға комиссия аттанды

© Sputnik / Asatur Yesayants / Медиабанкке өтуТушение пожара продолжается в вечернее время на месте разрушенного взрывом торгового центра "Сурмалу" в Ереване
Тушение пожара продолжается в вечернее время на месте разрушенного взрывом торгового центра Сурмалу в Ереване - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Өзбекстанда болған жарылыстан кейін арнайы комиссия шекараға жақын жерде орналасқан ауылдарға аттанды. Мамандар зақым келген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерлің бар-жоғын анықтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 5.51-лер шамасында Мақтаарал ауданының тұрғындары Өзбекстанда болған қатты жарылыс естіді.
"Ауданның төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде. Адам шығыны жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бүгін Қазақстанмен шекаралас жерде орналасқан әскери қоймада жарылыс болды. Төтенше жағдай Өзбекстанның Сырдария облысындағы Малик ауылында болған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы тарады.
Жаңалықтар
0