Қоғам

Ауған азаматтарын Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған шетелдік ұсталды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірігіп Ауғанстан азаматтарын Қазақстан аумағы арқылы заңсыз өткізудің жолын кесті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдік азамат 1,5 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталды. Күдікті осы ақшаға Орталық Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған.
Тінту кезінде бірнеше қазақстандық ұйымның мөрлері, 20 ауған төлқұжаты, туу туралы куәліктер, Қазақстан азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар тәркіленді.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Ұсталған азамат Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0