https://sputnik.kz/20221022/atyrau-turgyny-adam-quqyqtary-zhonindegi-uakilge-aryzdandy-28694012.html
Атырау тұрғыны Адам құқықтары жөніндегі уәкілге арызданды
Атырау тұрғыны Адам құқықтары жөніндегі уәкілге арызданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Атырау қаласының тұрғыны қалада зиянды қалдықтардың көбейгеніне арызданды. 22.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-22T12:26+0500
2022-10-22T12:26+0500
2022-10-22T12:26+0500
атырау
экология
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26620929_0:83:1385:862_1920x0_80_0_0_b8a7ac1385917b675d71ef57dbe952b3.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Атырау қаласының тұрғыны қалада зиянды қалдықтардың көбейгеніне арызданды. Айтцынша, тұрғындар күні-түні терезесін аша алмайды. Ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілге арызданып, жайлы әрі қауіпсіз өмірге деген құқықтардың бұзылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет арыз түсірген. Бірақ ешқандай шаралар қолға алынбады. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өтініш иесінің шағымын қарап, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдады. Министрлік Атыраудың проблемасын растады. Зиянды қалдықтар, көбінесе, "Тухлая Балка" (АМӨЗ), "Квадрат" және тағы басқа жерлерде шоңырланған. "Осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Жол картасы жасалды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қабылданып жатқан шаралар аясында шығарындылар көздерін азайту және ластаушы заттардың шығарындыларын 25% - ке дейін азайту жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада. Тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде аумақтық экология департаменті тексеру жүргізіп, көмірқышқыл газ, азот оксиді және азот диоксиді бойынша шығарындылар нормативтен асып кеткенін анықтады. Оған жол берген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды. Айта кетері, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-бабына сәйкес, әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар. Сондай-ақ, әркімнің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және басқа да мемлекеттік органдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзудың болжамды фактілері бойынша немесе осындай зардаптардың туындау қаупін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы білу үшін жүгінуге құқығы бар.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26620929_63:0:1323:945_1920x0_80_0_0_b1933b7eb969b856ab0a3cc0b789b057.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, экология
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Атырау қаласының тұрғыны қалада зиянды қалдықтардың көбейгеніне арызданды.
Айтцынша, тұрғындар күні-түні терезесін аша алмайды. Ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілге арызданып, жайлы әрі қауіпсіз өмірге деген құқықтардың бұзылғанын мәлімдеді.
"Терезелерді күндіз де, түнде де ашу мүмкін емес! Мен air.kz қосымшасын жүктеп алдым. Қосымшада ауаның ластанғанын анық көріп отырмын. Сонда қаладағы билік ауысқаннан кейін не өзгерді? Неге зиянды заттардың шығару жиілігі мен қарқыны ұлғайды??? ....Неге жағдайымыз сонша нашарлап кетті? Терезелер жабық болса да, иісі үйімізге сіңіп кеткен. Қалада бронх демікпесі және аллергиямен ауыратындар саны артқан. Балаларға да зардабын тигізіп жатыр. Түсініксіз аллергия пайда болды. Қаланың сыртына шықсаңыз, аллергияның жоғалып кететінін бәрі біледі... Өтінемін, осы заңсыздықты тоқтатыңызшы!", – деп жазды қала тұрғыны.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет арыз түсірген. Бірақ ешқандай шаралар қолға алынбады.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өтініш иесінің шағымын қарап, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдады.
Министрлік Атыраудың проблемасын растады. Зиянды қалдықтар, көбінесе, "Тухлая Балка" (АМӨЗ), "Квадрат" және тағы басқа жерлерде шоңырланған.
"Осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Жол картасы жасалды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қабылданып жатқан шаралар аясында шығарындылар көздерін азайту және ластаушы заттардың шығарындыларын 25% - ке дейін азайту жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде аумақтық экология департаменті тексеру жүргізіп, көмірқышқыл газ, азот оксиді және азот диоксиді бойынша шығарындылар нормативтен асып кеткенін анықтады. Оған жол берген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды.
Айта кетері, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-бабына сәйкес, әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар. Сондай-ақ, әркімнің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және басқа да мемлекеттік органдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзудың болжамды фактілері бойынша немесе осындай зардаптардың туындау қаупін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы білу үшін жүгінуге құқығы бар.