Астанада Республика күніне арналған жарыстар өтеді

© Photo : СС0 / Bhakti Iyata Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. 24-25 қазанда Астана маңындағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында Республика күніне арналған ат спорты бойынша жарыстар өтеді. Бұл туралы брифингте Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс "Арғымақ" ат спорты манежінде сағат 11:00-де басталады. Іріктеу жарыстың бірінші күні өтеді, ал финал 25 қазанда өтеді. Конкурс бойынша жарыстардың жүлде қоры – 6 млн 750 мың теңге.
"Сонымен қатар 25 қазан күні сағат 12:00-де "Қазанат" ат спорты кешенінде бәйге түрлерінен жарыстар өтеді. Аламан және тоқ-бәйге бойынша 20 және 14 км қашықтықтағы жарыстарға еліміздің 11 өңірінен 70 шабандоз қатысады, жүлде қоры – 17 млн теңге. Көрермендер арасында құнды сыйлықтар: тоңазытқыш, теледидар, ұялы телефон, планшет және смарт-сағат ойнатылады", - деп атап өтті Аманжол Хасенов.
Астанадағы отшашу, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады
Жаңалықтар
0