https://sputnik.kz/20221022/almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-elektr-energiyasyna-zharymay-otyr-28700343.html
Алматы облысында ауыл тұрғындары электр энергиясына жарымай отыр
Алматы облысында ауыл тұрғындары электр энергиясына жарымай отыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22қазан – Sputnik. Алматы облысының Қайназар ауылында электр жарығы жиі өшіп қалады. Жел тұрса болды, тұрғындардың мазасы кетеді, деп хабарлайды... 22.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-22T14:40+0500
2022-10-22T14:40+0500
2022-10-22T14:40+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_0:126:3197:1924_1920x0_80_0_0_50bdde1d76be945f11e64c67a16a021b.jpg
АЛМАТЫ, 22қазан – Sputnik. Алматы облысының Қайназар ауылында электр жарығы жиі өшіп қалады. Жел тұрса болды, тұрғындардың мазасы кетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Кеше электр жарығы 5 рет өшті. Сақалымды алып тұрған едім. Сол күйі ала алмадым. Береді, өшіреді. Боран болса бір сәрі. Өте жиі өшіреді. Өшпегеннің өзінде қуаты өте әлсіз. Үй қараңғы", - дейді Омарқажы Шақаев.Қайназар – жарты ғасырдан астам тарихы бар Жамбыл ауданындағы ауыл. Бұрын шағын болғанымен қазір іргесі кеңіген, 6500 адам тұрады. Қоныстанушылар көп.Ал ауыл әкімінің уәжі мүлдем басқа. Айтуынша, электр жарығы күніне 5 рет өшпейді. Апаттық жағдай болған кезде жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізіледі."Ал электршілер ағаш кесетін кезде немесе жөндеу жұмыстарына байналысты өшіретін болса, әкімшілік тарапынан халыққа әлеуметтік желі және ауылдың ватсап чаттары арқылы хабарландыру беріліп отырады", - дейді Қайназар ауылының әкімі Нұржан Қанағатұлы.Жергілікті биліктің айтуынша, электр бағандарын жаңарту үшін қаражат бөлінген, жобалық сметалық құжаттары дайын. 2023 жылдың басынан аталған жоба жүзеге аса бастайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/02/1360273_232:0:2963:2048_1920x0_80_0_0_ece9e4b25d4a06dd93727035f38e2cf5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Алматы облысында ауыл тұрғындары электр энергиясына жарымай отыр
АЛМАТЫ, 22қазан – Sputnik. Алматы облысының Қайназар ауылында электр жарығы жиі өшіп қалады. Жел тұрса болды, тұрғындардың мазасы кетеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кеше электр жарығы 5 рет өшті. Сақалымды алып тұрған едім. Сол күйі ала алмадым. Береді, өшіреді. Боран болса бір сәрі. Өте жиі өшіреді. Өшпегеннің өзінде қуаты өте әлсіз. Үй қараңғы", - дейді Омарқажы Шақаев.
Қайназар – жарты ғасырдан астам тарихы бар Жамбыл ауданындағы ауыл. Бұрын шағын болғанымен қазір іргесі кеңіген, 6500 адам тұрады. Қоныстанушылар көп.
"Жаңа қоныстанып жатқан жақта цемент бағаналар орнатылған. Ал мына ескі Қайназарда электр бағаналары мен сымдар 1968 жылдан бері жаңартылмаған. Тіпті электр сымдары да жиі үзіледі. Мамандар оны жалғаумен ғана келеді",- дейді Кеңшілік Омаров (аты-жөні өзгертілді).
Ал ауыл әкімінің уәжі мүлдем басқа. Айтуынша, электр жарығы күніне 5 рет өшпейді. Апаттық жағдай болған кезде жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізіледі.
"Ал электршілер ағаш кесетін кезде немесе жөндеу жұмыстарына байналысты өшіретін болса, әкімшілік тарапынан халыққа әлеуметтік желі және ауылдың ватсап чаттары арқылы хабарландыру беріліп отырады", - дейді Қайназар ауылының әкімі Нұржан Қанағатұлы.
Жергілікті биліктің айтуынша, электр бағандарын жаңарту үшін қаражат бөлінген, жобалық сметалық құжаттары дайын. 2023 жылдың басынан аталған жоба жүзеге аса бастайды.