https://sputnik.kz/20221021/resey-eaeo-da-gazdy-rublmen-satyp-aludy-usyndy-qazaqstannyn-pozitsiyasy-qanday-28672264.html
Ресей ЕАЭО-да газды рубльмен сатып алуды ұсынды: Қазақстанның позициясы қандай
Ресей ЕАЭО-да газды рубльмен сатып алуды ұсынды: Қазақстанның позициясы қандай
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов газды сатып алу-сату кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде валютаны таңдау құқығы... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T15:23+0500
2022-10-21T15:23+0500
2023-08-10T12:23+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_dba34b3eebfa01b4461eb02e3b455283.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов газды сатып алу-сату кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде валютаны таңдау құқығы болуы керек деп санайды. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр қазір ЕАЭО-да ортақ газ нарығын құру мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.Министр валюта мәселесінде шектеу жоқ екенін, бұл Ресей рублі мен теңгені қоса алғанда, кез келген ұлттық валюта болуы мүмкін екенін атап өтті."Біздің пікіріміз мынадай: газ сатып алу-сату туралы екіжақты келісімшарт бекіткенде таңдау құқығы болуы керек", - деп түйіндеді сөзін Ақшолақов.Бұған дейін ЕАЭО-ға мүше елдер, атап айтқанда, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан газ ақысын ресейлік рубльмен төлеуге көшкені хабарланған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_33e2ed44861374296415ce8d8487b34c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Ресей ЕАЭО-да газды рубльмен сатып алуды ұсынды: Қазақстанның позициясы қандай
15:23 21.10.2022 (жаңартылды: 12:23 10.08.2023) АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов газды сатып алу-сату кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде валютаны таңдау құқығы болуы керек деп санайды. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр қазір ЕАЭО-да ортақ газ нарығын құру мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.
"Ортақ газ нарығына қатысты құжатқа әлі қол қойылған жоқ, келіссөз жүріп жатыр. Ресей тарапының ұсыныстарының бірі – барлық есеп айырысу рубльмен жүргізіледі деп айқындау. Біздің позициямыз – одаққа мүше елдерде таңдау құқығы болуы керек есептейміз. Яғни бұл екіжақты келісімнің коммерциялық шарты болуы керек. Кімде кім газ сатып алса, ол кез келген валютаны таңдауға құқылы. Бұл валютаны таңдау еркіндігі", - деді Ақшолақов.
Министр валюта мәселесінде шектеу жоқ екенін, бұл Ресей рублі мен теңгені қоса алғанда, кез келген ұлттық валюта болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Біздің пікіріміз мынадай: газ сатып алу-сату туралы екіжақты келісімшарт бекіткенде таңдау құқығы болуы керек", - деп түйіндеді сөзін Ақшолақов.
Бұған дейін ЕАЭО-ға мүше елдер, атап айтқанда, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан газ ақысын ресейлік рубльмен төлеуге көшкені хабарланған болатын.