https://sputnik.kz/20221021/qazaqstan-men-kipr-izdeudegi-qylmyskerlerdi-ustap-beru-turaly-shartqa-qol-qoydy-28655980.html
Қазақстан мен Кипр іздеудегі қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды
Қазақстан мен Кипр іздеудегі қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Никосия қаласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында қылмыскерлерді ұстап беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істер... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T07:33+0500
2022-10-21T07:33+0500
2022-10-21T07:33+0500
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/old/918/18/9181818_0:100:1239:797_1920x0_80_0_0_27cefdb621e49f868951d3a4bc38b71c.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Никосия қаласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында қылмыскерлерді ұстап беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратура.Шарттарға Бас прокурор Берік Асылов пен Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Драку қол қойды."Ұстап беру туралы шарт тараптарға бір мемлекетте қылмыс жасаған және екінші мемлекетте жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және сот үкімдерін орындау үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт екі елдің құқық қорғау және арнайы органдарына күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсінің дәлелдемелерін алуға, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті тәркілеуге, оларға тыйым салуға мүмкіндік береді. Шарт Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына көмегін тигізеді", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/18/9181818_88:0:1155:800_1920x0_80_0_0_d8975b7365a7be68c89fb25183107286.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура
Қазақстан мен Кипр іздеудегі қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Никосия қаласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасында қылмыскерлерді ұстап беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратура.
Шарттарға Бас прокурор Берік Асылов пен Кипрдің Әділет және қоғамдық тәртіп министрі Стефи Драку қол қойды.
"Ұстап беру туралы шарт тараптарға бір мемлекетте қылмыс жасаған және екінші мемлекетте жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және сот үкімдерін орындау үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт екі елдің құқық қорғау және арнайы органдарына күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсінің дәлелдемелерін алуға, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті тәркілеуге, оларға тыйым салуға мүмкіндік береді. Шарт Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына көмегін тигізеді", - делінген хабарламада.