https://sputnik.kz/20221021/prezident-saylauy-osk-ush-kandidatty-tirkeuden-bas-tartty-28677662.html
Президент сайлауы: ОСК үш кандидатты тіркеуден бас тартты
Президент сайлауы: ОСК үш кандидатты тіркеуден бас тартты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаев, Бақыт Жаңабаев және Жұматай Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеген жоқ, деп... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T17:42+0500
2022-10-21T17:42+0500
2022-10-27T09:46+0500
президент сайлауы
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305214_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_d29e8e8125237d9afc8de70406981a43.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаев, Бақыт Жаңабаев және Жұматай Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.ОСК ақпаратынша, "Қазақстан футбол әуесқойлары" лигасы ұсынған Бақыт Жаңабаев 18 өңірден 58 889 азаматтың қолын жинаған. Тексеріс кезінде оның 4 054-і – рас деп танылды.Ал ОСК талабы бойынша кандидат кемінде 118 273 қол жинауға тиіс.Сонымен қатар ОСК "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевты да кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Оған астаналық соттың "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы себеп."Халық демографиясы" атынан ұсынылған Жұматай Әлиев те президент сайлауына түсе алмайды. Ол барлығы 187 723 қол жинаған, оның тек 36 776-сы ғана рас деп танылды. Бұған қоса Әлиевтің медициналық қорытындысы да нысанға сәйкес емес.Осылайша президенттікке үміткер ретінде барлығы алты адам тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305214_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_61e0bf2e82315dadfab964507816ea9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
Президент сайлауы: ОСК үш кандидатты тіркеуден бас тартты
17:42 21.10.2022 (жаңартылды: 09:46 27.10.2022) АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаев, Бақыт Жаңабаев және Жұматай Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеген жоқ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОСК ақпаратынша, "Қазақстан футбол әуесқойлары" лигасы ұсынған Бақыт Жаңабаев 18 өңірден 58 889 азаматтың қолын жинаған. Тексеріс кезінде оның 4 054-і – рас деп танылды.
Ал ОСК талабы бойынша кандидат кемінде 118 273 қол жинауға тиіс.
Сонымен қатар ОСК "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевты да кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Оған астаналық соттың "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы себеп.
"Халық демографиясы" атынан ұсынылған Жұматай Әлиев те президент сайлауына түсе алмайды. Ол барлығы 187 723 қол жинаған, оның тек 36 776-сы ғана рас деп танылды. Бұған қоса Әлиевтің медициналық қорытындысы да нысанға сәйкес емес.
Осылайша президенттікке үміткер ретінде барлығы алты адам тіркелді: Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаев.
Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.