Азаматтық авиация комитеті әуежайдағы өртке қатысты түсініктеме берді

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоАлматы әуежайының қызметкері, архивтегі фото
Алматы әуежайының қызметкері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. 19 қазанда халықаралық рейстердің ұшу аймағында тексеріс процедурасынан өту кезінде жолаушының қалта қуаттау құрылғысы (Power bank) өртенді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, жолаушы "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы-Бішкек бағытындағы рейсіне билет алған.
"Қауіпті жүктерді әуе көлігімен тасымалдаудың техникалық тәртібіне сәйкес, қосалқы батареялар, қуаттау блоктары, соның ішінде Power Bank сияқты заттар қол жүгімен тасымалдануыкерек және қысқа тұйықталудың алдын алу үшін олар жеке қорғалған болуға тиіс", - делінген Қазақстан авиация әкімшілігінің хабарламасында.
Литий батареялары жүк ретінде тасымалданатын болса, ол ИКАО техникалық нұсқаулықтарының қолданыстағы редакциясына сәйкес тиісті түрде декларацияланып, таңбалануы және қуатталуы керек.
Жаңалықтар
0