Елорда тынысы

Астана тұрғындарына арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2022
Жазылу
Елордалықтар қосымшаның көмегімен автобустардың қозғалысын қадағалай алады
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. "City Transportation Systems" компаниясы қоғамдық көлік жолаушыларына, паркингтерді жалға алушыларға және велошеринг пайдаланушыларына арналған "CTS" жаңа мобильді қосымшасын іске қосты.
Қосымшада velobike.kz сайты және "Transcard", "CTS Parking" сервистері біріктірілген.
"Біздің компанияның басты міндеті – елорда тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін қызметтерімізді барынша ыңғайлы ету. Осы уақытқа дейін бізде үш бөлек сервис болатын: "Transcard" қосымшасы, "CTS Parking" сервисі және velobike.kz сайты. Бұл аса ыңғайлы емес еді. Ал енді ыңғайлы болу үшін қызметтеріміздің бірыңғай терезесі – "CTS" мобильді қосымшасын жасадық", - деді "City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Ғани Тәжиев.
Мысалы, "Transcard" сервистерін біріктіре отырып, жаңа қосымшаның пайдаланушыларына көлік картасын тіркеу және толықтыру, балансты көшіру, жүрген жолдар тарихын қарау қызметтері қолжетімді. Сондай-ақ кассалар мен көлік картасын толтыру пунктерінің орналасқан жері мен мекенжайларын көруге де болады.
Бұдан бөлек, жаңа қосымшада пайдаланушылар тіркеліп, "Astana bike" велопрокат сервисінің жеке кабинетіне кіре алады. Онда абонемент сатып алуға, балансты толтыруға, велостанциялардың орналасқан жерін, велосипедтер мен бос құлыптардың қолжетімді санын көру мүмкіндігі бар.
"CTS" жаңа мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар "Astrabus", "2GIS" және "Яндекс. Карталар" баламасы ретінде бағдарларды нақты уақыт режимінде бақылай алады. Сондай-ақ QR-код арқылы жол ақысын төлеу мүмкіндігі бар. Ол үшін банк картасын қосымшаға тіркеу қажет", - деп түсіндірді компания.
Сонымен қатар жаңа мобильді қосымшада СTS компаниясының паркингтерін жалға алушылар үшін тұрақ орындарының орналасқан жері мен қолжетімді тұрақтар санын көре отырып, онлайн-жалдау қызметтері де бар.
Мобильді қосымша Google Play және App Store онлайн-дүкендерінен тегін жүктеледі.
Жаңалықтар
0