https://sputnik.kz/20221021/arnayy-askeri-operatsiya-resey-qorganystan-shabuylga-koshui-mumkin-28709158.html
Арнайы әскери операция: Ресей қорғаныстан шабуылға көшуі мүмкін
Арнайы әскери операция: Ресей қорғаныстан шабуылға көшуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Украина Қарулы күштерінің Харьковтан Херсон облысына дейінгі түрлі аумақта ресейлік позицияларға қарсы соққы жасауы РФ Қарулы күштерінің алдағы айларда... 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T22:53+0500
2022-10-21T22:53+0500
2022-10-22T17:13+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_0:14:3033:1720_1920x0_80_0_0_7436365b6d03456100646a3bcd974c00.jpg
Украина Қарулы күштерінің Харьковтан Херсон облысына дейінгі түрлі аумақта ресейлік позицияларға қарсы соққы жасауы РФ Қарулы күштерінің алдағы айларда стратегияны қорғаныстан шабуылға өзгертуіне себеп болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Ресейдің әуе шабуылы операциясы сәтті орындалып, алға қойған мақсаттар жүзеге асырылып жатыр. 10 күнде ауқымды зымыран және дрондармен соққылар кезінде Украинаның энергетикалық жүйесінің нысандарының 30%-тен астамы жойылды. Украинаның қарулы күштері мен НАТО Украинаның операциялық театрында.Соққылардың жүйелі түрде жалғасуы логистика, байланыс, барлау және нысананы белгілеу, Украина Қарулы күштерін жауынгерлік басқару және бақылау жүйесін және НАТО-ның тартылған ресурстарын жаппай талқандауға жақындатып жатыр."Украина Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалы әскердің барлық қарсы шабуылы нәтиже бермей, адам күші және техниканың үлкен шығынымен қарсыласты бұрынғы позициясына қайтарды. Херссон маңындағы үш шабуыл кезінде украин әскері Батыс жеткізген броньдалған техниканың онға жуық түрін қолданды", - деп жахды Хроленко.Олардың қатарында британдық, голландиялық және түрік Saxon, YPR-765 және Kirpi броньдалған тасымалдаушылары, неміс және поляк PzH-2000 және Krab өздігінен жүретін гаубицалары, австралиялық және америкалық Bushmaster және International MaxxPro броньдалған машиналары, поляк Т-72 танктері бар. Бұл әскери техниканың едәуір бөлігі ресейлік бөлімшелердің зымыран және артиллериялық соққыларымен жойылды.Украина Қарулы күштерінің Бас штабы күштерді Николаев және Запорожье бағыттарында қайта топтастыруды жалғастырып жатыр. Бірақ, межелі мақсаттар сәтті жүзеге аспай жатыр. Украина Қарулы күштеріне НАТО қару-жарағын жеткізу украин жеріндегі әскери іс-қимылға ешқандай әсер етіт отырған жоқ.Сегіз айда ресейлік әскер 324 ұшақ, 162 тікұшақ, 2302 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 383 зениттік-зымыран кешенін, 5939 танк пен басқа да броньдалған техника, 874 зымыран жүйесін, 3513 дала артиллериясы жабдығы мен минометті қиратты. Бұл статистикасының шамамен үштен екісі батыс елдерінен жеткізілген қару-жарақ. Яғни, Днепр жағасында және Украинаның батысында Ресей Федерациясының Қарулы күштері Солтүстік Атлантикалық альянстың ондаған елінің әскери-өнеркәсіптік арсеналын жүйелі түрде қиратып жатыр.АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин 21 қазанда Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковпен сұхбатында АҚШ-тың әскери қақтығысты жалғастыру жөніндегі міндеттемесін растады. Хроленконың пікірінше, батыстық басылымдар НАТО елдерінің халқы арасында Украинадағы әскери операцияға белсенді қатысуды насихаттап жатыр.Украина Қарулы күштері Біріккен күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Сергей Наев 16 қазанда Ресей әскерінің Беларусь аумағынан ықтимал шабуылы және Киевті үш-төрт айдың ішінде басып алуы мүмкін екенін мәлімдеді.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_a7760cfa92ddcb2c0d7a2bbc9f449438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Украина Қарулы күштерінің Харьковтан Херсон облысына дейінгі түрлі аумақта ресейлік позицияларға қарсы соққы жасауы РФ Қарулы күштерінің алдағы айларда стратегияны қорғаныстан шабуылға өзгертуіне себеп болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейдің әуе шабуылы операциясы сәтті орындалып, алға қойған мақсаттар жүзеге асырылып жатыр. 10 күнде ауқымды зымыран және дрондармен соққылар кезінде Украинаның энергетикалық жүйесінің нысандарының 30%-тен астамы жойылды. Украинаның қарулы күштері мен НАТО Украинаның операциялық театрында.
Соққылардың жүйелі түрде жалғасуы логистика, байланыс, барлау және нысананы белгілеу, Украина Қарулы күштерін жауынгерлік басқару және бақылау жүйесін және НАТО-ның тартылған ресурстарын жаппай талқандауға жақындатып жатыр.
"Украина Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалы әскердің барлық қарсы шабуылы нәтиже бермей, адам күші және техниканың үлкен шығынымен қарсыласты бұрынғы позициясына қайтарды. Херссон маңындағы үш шабуыл кезінде украин әскері Батыс жеткізген броньдалған техниканың онға жуық түрін қолданды", - деп жахды Хроленко.
Олардың қатарында британдық, голландиялық және түрік Saxon, YPR-765 және Kirpi броньдалған тасымалдаушылары, неміс және поляк PzH-2000 және Krab өздігінен жүретін гаубицалары, австралиялық және америкалық Bushmaster және International MaxxPro броньдалған машиналары, поляк Т-72 танктері бар. Бұл әскери техниканың едәуір бөлігі ресейлік бөлімшелердің зымыран және артиллериялық соққыларымен жойылды.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы күштерді Николаев және Запорожье бағыттарында қайта топтастыруды жалғастырып жатыр. Бірақ, межелі мақсаттар сәтті жүзеге аспай жатыр. Украина Қарулы күштеріне НАТО қару-жарағын жеткізу украин жеріндегі әскери іс-қимылға ешқандай әсер етіт отырған жоқ.
Сегіз айда ресейлік әскер 324 ұшақ, 162 тікұшақ, 2302 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 383 зениттік-зымыран кешенін, 5939 танк пен басқа да броньдалған техника, 874 зымыран жүйесін, 3513 дала артиллериясы жабдығы мен минометті қиратты. Бұл статистикасының шамамен үштен екісі батыс елдерінен жеткізілген қару-жарақ. Яғни, Днепр жағасында және Украинаның батысында Ресей Федерациясының Қарулы күштері Солтүстік Атлантикалық альянстың ондаған елінің әскери-өнеркәсіптік арсеналын жүйелі түрде қиратып жатыр.
АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин 21 қазанда Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковпен сұхбатында АҚШ-тың әскери қақтығысты жалғастыру жөніндегі міндеттемесін растады. Хроленконың пікірінше, батыстық басылымдар НАТО елдерінің халқы арасында Украинадағы әскери операцияға белсенді қатысуды насихаттап жатыр.
Украина Қарулы күштері Біріккен күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Сергей Наев 16 қазанда Ресей әскерінің Беларусь аумағынан ықтимал шабуылы және Киевті үш-төрт айдың ішінде басып алуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы