https://sputnik.kz/20221021/almatyda-avtobustagy-urlyq-videoga-tusip-qaldy-28678067.html
Алматыда автобустағы ұрлық видеоға түсіп қалды
Алматыда автобустағы ұрлық видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 21.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-21T21:13+0500
2022-10-21T21:13+0500
2022-10-21T21:13+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/1260/15/12601580_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_96d609a7ab2d3843ebf13e5dd09b85f4.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Олардың бірі №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаннан кейін ұсталды. Қаскөй Samsung телефонын қолды қылған."Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр."Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір адам ұсталды. 40 жастағы азамат №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеу барысында бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды", – деп толықтырды Науатов.Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/15/12601580_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_48f41132fa276df628ab6b937d1dafcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Алматыда автобустағы ұрлық видеоға түсіп қалды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Олардың бірі №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаннан кейін ұсталды. Қаскөй Samsung телефонын қолды қылған.
"Күдікті қоғамдық көліктің жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір адам ұсталды. 40 жастағы азамат №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеу барысында бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды", – деп толықтырды Науатов.
Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.