https://sputnik.kz/20221020/zhetisu-oblysy-qantar-oqigasy-28650371.html
Жетісу облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрлаған қаруды әкесінің үйіне жасырған
Жетісу облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрлаған қаруды әкесінің үйіне жасырған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Алматы полициясы Жетісу облысының тұрғынынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T17:11+0500
2022-10-20T17:11+0500
2023-08-09T17:16+0500
өңірлер
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_0:59:1920:1139_1920x0_80_0_0_be42fd19ddf031b0e31836a5aad97ca0.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Алматы полициясы Жетісу облысының тұрғынынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицейлер қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқан 26 жастағы жетісулықты ұстады. Күдіктіні ұстау операциясын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы жүргізген.Күдіктіден қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған тапанша табылды. Ал оның үйін тінту барысында осы тапаншаның қабы тәркіленді.Сондай-ақ ұсталған ер адамның Жетісу облысы Қаратал ауданында тұратын әкесінің үйіне де тінту жүргізілді. Онда қабы бар 12 калибрлі ИЖ-26 тегіс ұңғылы мылтық, оптикалық көздеуіш, пышақ және тапанша түріндегі оттық табылды.Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қылмыстық кодекстің 291-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_170:0:1877:1280_1920x0_80_0_0_63ec432067c137409ca7fed6d72da413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Жетісу облысының тұрғыны қаңтар оқиғасы кезінде ұрлаған қаруды әкесінің үйіне жасырған
17:11 20.10.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Алматы полициясы Жетісу облысының тұрғынынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицейлер қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқан 26 жастағы жетісулықты ұстады. Күдіктіні ұстау операциясын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы жүргізген.
Күдіктіден қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған тапанша табылды. Ал оның үйін тінту барысында осы тапаншаның қабы тәркіленді.
Сондай-ақ ұсталған ер адамның Жетісу облысы Қаратал ауданында тұратын әкесінің үйіне де тінту жүргізілді. Онда қабы бар 12 калибрлі ИЖ-26 тегіс ұңғылы мылтық, оптикалық көздеуіш, пышақ және тапанша түріндегі оттық табылды.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қылмыстық кодекстің 291-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.