Түркістан облысында өртенген көлікте жүргізуші ажал құшты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Түркістан облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, жүргізуші ажал құшты, деп хабарлады Polisia.kz.
Ордабасы аудандық полиция бөліміне 20 қазан сағат 10:51 шамасында Шымкент – Самара тасжолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.
Nissan Elgrand автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай бара жатып, өзімен бір бағытта келе жатқан Merсedes Bens жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соқтығысқаны анықталды. Көлік сол жерде өртенген. Салдарынан Nissan Caravan Elgrand көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Екі автокөлік айыптұраққа қойылды.
Қазіргі таңда жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0