https://sputnik.kz/20221020/shymkentte-eki-qurdastyn-arasyndagy-zhanzhal-atyspen-ayaqtaldy-28641989.html
Шымкентте екі құрдастың арасындағы жанжал атыспен аяқталды
Шымкентте екі құрдастың арасындағы жанжал атыспен аяқталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында екі жас жігіт сөзге келіп, жанжалдың арты атысқа ұласқан. Біреуі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп... 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T13:53+0500
2022-10-20T13:53+0500
2022-10-20T13:53+0500
шымкент
атыс
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында екі жас жігіт сөзге келіп, жанжалдың арты атысқа ұласқан. Біреуі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 25 қыркүйекте болған. Түркістан облысында 23 жастағы жігітті оқ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер бірден полициция хабар берді. Тәртіп сақшылары 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ал тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталды. 25 қыркүйекке қараған түні екеуі көпқабатты үйдің алдында ерегісіп қалды. Сол кезде күдікті тапаншасын алып шығып, жәбірленушіге оқ атқан. Оқ ішіне тиіп, асқазаның тесіп тастады. Жауап алу кезінде күдікті қаруды қай жерде жасырғанын да көрсетті. Макаров тапаншасы мен 3 оқ тәркіленді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық, атыс қаруын қолданып жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, атыс
Шымкентте екі құрдастың арасындағы жанжал атыспен аяқталды
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында екі жас жігіт сөзге келіп, жанжалдың арты атысқа ұласқан. Біреуі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 25 қыркүйекте болған. Түркістан облысында 23 жастағы жігітті оқ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер бірден полициция хабар берді. Тәртіп сақшылары 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ал тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталды.
25 қыркүйекке қараған түні екеуі көпқабатты үйдің алдында ерегісіп қалды. Сол кезде күдікті тапаншасын алып шығып, жәбірленушіге оқ атқан. Оқ ішіне тиіп, асқазаның тесіп тастады. Жауап алу кезінде күдікті қаруды қай жерде жасырғанын да көрсетті. Макаров тапаншасы мен 3 оқ тәркіленді.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық, атыс қаруын қолданып жасалған іс-әрекет) бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.