https://sputnik.kz/20221020/shymkent-zhigit-oq-28636996.html
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің алдында жас жігітке оқ атқан күдікті ұсталды
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің алдында жас жігітке оқ атқан күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ішіне оқ тиген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T11:41+0500
2022-10-20T11:41+0500
2022-10-20T11:41+0500
өңірлер
шымкент
күдікті
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_0:213:3689:2288_1920x0_80_0_0_c433023ecd1427b783b386c5daec9af6.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте 23 жастағы ер адамды жаралаған күдікті ұсталды.Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қыркүйекте болған. Таңғы сағат жетіде полицияға Түркістан облысындағы ауруханалардың біріне атыс қаруынан жарақат алған 23 жастағы жігіт жеткізілгені туралы хабар түскен.Полицейлер хабарламаны алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға кірісті. Жедел іздестіру шаралары барысында Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны қала аумағында қолға түсті."Анықталғандай, қыркүйектің 24-нен 25-не қараған түні күдікті қаладағы көпқабатты үйдің алдында екеуара болған ерегістің соңында белгісіз қарудан қарсыласына оқ атқан. Ішіне оқ тиген жәбірленуші ауруханаға түсті", - делінген хабарламада.Жауап алу кезінде күдікті қаруды қайда жасырғанын көрсетті. Полиция аталған мекенжайдан бір "Макаров" тапаншасы мен үш оқ тәркіледі. Заттай айғақтарға тиісті сараптамалар тағайындалды.Ұсталған азамат бұған дейін де екі рет сотталған.Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/430/44/4304491_178:0:3511:2500_1920x0_80_0_0_1831e14aa54304e2c386b90e45059c71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, күдікті
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің алдында жас жігітке оқ атқан күдікті ұсталды
Ішіне оқ тиген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте 23 жастағы ер адамды жаралаған күдікті ұсталды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қыркүйекте болған. Таңғы сағат жетіде полицияға Түркістан облысындағы ауруханалардың біріне атыс қаруынан жарақат алған 23 жастағы жігіт жеткізілгені туралы хабар түскен.
Полицейлер хабарламаны алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға кірісті. Жедел іздестіру шаралары барысында Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны қала аумағында қолға түсті.
"Анықталғандай, қыркүйектің 24-нен 25-не қараған түні күдікті қаладағы көпқабатты үйдің алдында екеуара болған ерегістің соңында белгісіз қарудан қарсыласына оқ атқан. Ішіне оқ тиген жәбірленуші ауруханаға түсті", - делінген хабарламада.
Жауап алу кезінде күдікті қаруды қайда жасырғанын көрсетті. Полиция аталған мекенжайдан бір "Макаров" тапаншасы мен үш оқ тәркіледі. Заттай айғақтарға тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұсталған азамат бұған дейін де екі рет сотталған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.