https://sputnik.kz/20221020/qazaqstanda-zhana-pisken-kokonis-bagasy-10-ke-qymbattady-28644205.html
Қазақстанда жаңа піскен көкөніс бағасы 10%-ке қымбаттады
Қазақстанда жаңа піскен көкөніс бағасы 10%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері жаңа піскен көкөніс 10%-ке қымбаттады. Бұл ретте қияр – 29,6%, қызанақ – 21,8%, пияз – 13,9%, картоп –... 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T21:52+0500
2022-10-20T21:52+0500
2023-08-10T17:15+0500
көкөністер
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_22b9bfe8dc220362f1f5f986058aab91.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері жаңа піскен көкөніс 10%-ке қымбаттады. Бұл ретте қияр – 29,6%, қызанақ – 21,8%, пияз – 13,9%, картоп – 13,2%, қызылша – 0,1%-ке қымбаттады. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандады, деп хабарлады Energyprom.kz.Өңірлер арасында Алматы облысында баға ең қатты – бір жылда 27,8%-ке қымбаттаған. Одан кейінгі орында Жетісу және Атырау облыстары тұр: мұнда көкөніс құны бір жылда сәйкесінше 24,4% және 17%-ке өскен.Жамбыл (0,6%-ке) және Ұлытау (2,3%-ке) облыстарында бағаның біршама арзандағаны байқалды.Импорт2022 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда негізгі санаттар бойынша көкөніс импорты өскен: бұрыш 3 есе, 26,9 мың тоннаға дейін, дәнді дақылдар (85,2%-ке, 50 мың тоннаға дейін), қияр мен корнишон (69,7%-ке, 7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ (64,4%-ке, 3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат (61,5%-ке, 103 мың тоннаға дейін), қызанақ (40,9%-ке, 51 мың тоннаға дейін) артты. Сонымен қатар қызылша (5,3%-ке, 9,1 мың тоннаға дейін) және баялды (2,3%-ке, 2,2 мың тоннаға дейін) импорты өсті.Мониторингтік компанияның мәліметі бойынша, картоп (19,9%-ке, 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ке, 194,5 мың тоннаға дейін), сәбіз (5,5%-ке, 32,5 мың тоннаға дейін) сынды көкөністер бойынша импорт көлемі азайды.ЭкспортҚазақстан қызылша (3,4 есе, 892,9 тоннаға дейін), бұрыш (3,2 есе, 565,3 тоннаға дейін), сәбіз (29,6%-ке, 2,3 мың тоннаға дейін), қияр (24,6%-ке, 3 мың тоннаға дейін), сарымсақ (24,4%-ке, 403,2 тоннаға дейін) сияқты көкөністердің экспортын ұлғайтты.Картоп, баялды, қызанақ, асқабақ, пияз, қырыққабат экспорты қысқарды.Сарапшылар 2022 жылы көкөністің негізгі түрлері бойынша Қазақстанға импорт республикадағы экспорттан бірнеше есе жоғары екенін атап өтті. Мысалы, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш – 47,6 есе, қырыққабат – 18,3 есе, сәбіз – 13,9 есе, қызылша – 10,2 есе, сарымсақ – 8,7 есе, пияз – 6,3 есе, асқабақ – 5,1 есе, картоп – 5 есе, қызанақ – 4,9 есе, қияр – 2,6 есе жоғары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28175176_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_38caa778487ac467fc584b9b83136ab1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкөністер, азық-түлік
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері жаңа піскен көкөніс 10%-ке қымбаттады. Бұл ретте қияр – 29,6%, қызанақ – 21,8%, пияз – 13,9%, картоп – 13,2%, қызылша – 0,1%-ке қымбаттады. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандады, деп хабарлады
Energyprom.kz. Өңірлер арасында Алматы облысында баға ең қатты – бір жылда 27,8%-ке қымбаттаған. Одан кейінгі орында Жетісу және Атырау облыстары тұр: мұнда көкөніс құны бір жылда сәйкесінше 24,4% және 17%-ке өскен.
Жамбыл (0,6%-ке) және Ұлытау (2,3%-ке) облыстарында бағаның біршама арзандағаны байқалды.
2022 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда негізгі санаттар бойынша көкөніс импорты өскен: бұрыш 3 есе, 26,9 мың тоннаға дейін, дәнді дақылдар (85,2%-ке, 50 мың тоннаға дейін), қияр мен корнишон (69,7%-ке, 7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ (64,4%-ке, 3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат (61,5%-ке, 103 мың тоннаға дейін), қызанақ (40,9%-ке, 51 мың тоннаға дейін) артты. Сонымен қатар қызылша (5,3%-ке, 9,1 мың тоннаға дейін) және баялды (2,3%-ке, 2,2 мың тоннаға дейін) импорты өсті.
Мониторингтік компанияның мәліметі бойынша, картоп (19,9%-ке, 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ке, 194,5 мың тоннаға дейін), сәбіз (5,5%-ке, 32,5 мың тоннаға дейін) сынды көкөністер бойынша импорт көлемі азайды.
Қазақстан қызылша (3,4 есе, 892,9 тоннаға дейін), бұрыш (3,2 есе, 565,3 тоннаға дейін), сәбіз (29,6%-ке, 2,3 мың тоннаға дейін), қияр (24,6%-ке, 3 мың тоннаға дейін), сарымсақ (24,4%-ке, 403,2 тоннаға дейін) сияқты көкөністердің экспортын ұлғайтты.
Картоп, баялды, қызанақ, асқабақ, пияз, қырыққабат экспорты қысқарды.
Сарапшылар 2022 жылы көкөністің негізгі түрлері бойынша Қазақстанға импорт республикадағы экспорттан бірнеше есе жоғары екенін атап өтті. Мысалы, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш – 47,6 есе, қырыққабат – 18,3 есе, сәбіз – 13,9 есе, қызылша – 10,2 есе, сарымсақ – 8,7 есе, пияз – 6,3 есе, асқабақ – 5,1 есе, картоп – 5 есе, қызанақ – 4,9 есе, қияр – 2,6 есе жоғары.