https://sputnik.kz/20221020/oralda-buzylgan-uylerdin-astynan-ondagan-adamnyn-qanqasy-shyqty--video-28605454.html
Оралда бұзылған үйлердің астынан ондаған адамның қаңқасы шықты – видео
Оралда бұзылған үйлердің астынан ондаған адамның қаңқасы шықты – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Орал қаласында бұзылған үйлердің топырағын қопару кезінде ондаған адамның қаңқасы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T16:09+0500
2022-10-20T16:09+0500
2022-10-20T16:09+0500
бас сүйек
қаңқа
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26210839_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_5f59ea1966041e6ff5c8b7e395098a55.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Орал қаласында бұзылған үйлердің топырағын қопару кезінде ондаған адамның қаңқасы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Уральской неделя" басылымына сілтеме жасап.Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Автордың айтуынша, қаланың ескі бөлігінде екі жекеменшік үй бұзылған. Ал экскаватор жұмыс істегенде жердің астынан 20-ға жуық адам қаңқасы шыққан."Қоқыс төгетін шұңқырдың жанынан тағы бірнеше адамның қаңқасы табылды. Тағы біреуі шатырдан шықты", - дейді видео авторы.Полиция оқиға орнына 7 қазанда барып, адам сүйектерін алып кетті.Ресми мәліметке сәйкес, Пугачев көшесінде 33-ші және 34-ші үйлердің арасында "Тәуекел" ЖШС көпқабатты үй салуға кіріскен. Ескі үйлер бұзылып, котлован қазу жұмыстары атқарылып жатыр. Күл-қоқыстың бәрі Зенит жаққа шығарылған.Ал тағы бір куәгер В. Целиков Зенит жаққа төгілген ескі құрылыс материалдарын алуға барған. Ол да адам қаңқаларын тапқан. Одан 11 бас сүйек пен 323 басқа сүйектер тәркіленді.Қазіргі кезде барлық материал сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады."Ескі Орал" музейінің бір қызметкері құрылыс алаңынан табылған адам қаңқаларына қатысты өз болжамын бөлісті. Оның ойынша, ол жерде ескі мола болған. Тағы болжамға сәйкес, табылған сүйектер – ашаршылық кезіндегі каннибализмің құрбандары.Айта кетері, Оралда үй құрылысы кезінде, сондай-ақ құбыр мен траншея салғанда ескі молалар жиі шығады. XX ғасырдың басында қалада 17 шіркеу болған. Әрбіреуінің жанында мола орналасқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/13/26210839_151:0:1280:847_1920x0_80_0_0_5fc9d89fc47ce80c4c655a97d147e5c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас сүйек, қаңқа
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Орал қаласында бұзылған үйлердің топырағын қопару кезінде ондаған адамның қаңқасы шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Уральской неделя" басылымына
сілтеме жасап.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Автордың айтуынша, қаланың ескі бөлігінде екі жекеменшік үй бұзылған. Ал экскаватор жұмыс істегенде жердің астынан 20-ға жуық адам қаңқасы шыққан.
"Қоқыс төгетін шұңқырдың жанынан тағы бірнеше адамның қаңқасы табылды. Тағы біреуі шатырдан шықты", - дейді видео авторы.
Полиция оқиға орнына 7 қазанда барып, адам сүйектерін алып кетті.
Ресми мәліметке сәйкес, Пугачев көшесінде 33-ші және 34-ші үйлердің арасында "Тәуекел" ЖШС көпқабатты үй салуға кіріскен. Ескі үйлер бұзылып, котлован қазу жұмыстары атқарылып жатыр. Күл-қоқыстың бәрі Зенит жаққа шығарылған.
"Қылмыстық істі тергеу аясында видео авторы – 53 жастағы Р. Ефаровтан жауап алынды. Ол құрылыс алаңына антиквариат тиындарды іздеу үшін келгенін айтты. Бірақ адам қаңқаларын тапқан. Сосын бәрін видеоға түсіріп алған", - дейді полицейлер.
Ал тағы бір куәгер В. Целиков Зенит жаққа төгілген ескі құрылыс материалдарын алуға барған. Ол да адам қаңқаларын тапқан. Одан 11 бас сүйек пен 323 басқа сүйектер тәркіленді.
Қазіргі кезде барлық материал сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
"Ескі Орал" музейінің бір қызметкері құрылыс алаңынан табылған адам қаңқаларына қатысты өз болжамын бөлісті. Оның ойынша, ол жерде ескі мола болған. Тағы болжамға сәйкес, табылған сүйектер – ашаршылық кезіндегі каннибализмің құрбандары.
Айта кетері, Оралда үй құрылысы кезінде, сондай-ақ құбыр мен траншея салғанда ескі молалар жиі шығады. XX ғасырдың басында қалада 17 шіркеу болған. Әрбіреуінің жанында мола орналасқан.