https://sputnik.kz/20221020/durys-zhauap-bermeydi-uzynagashtyqtar-meditsina-qyzmetinin-sapasyzdygyna-shagymdandy-28652768.html
"Дұрыс жауап бермейді": Ұзынағаштықтар медицина қызметінің сапасыздығына шағымданды
"Дұрыс жауап бермейді": Ұзынағаштықтар медицина қызметінің сапасыздығына шағымданды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылының тұрғындары медицина қызметінің сапасыздығына шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T18:58+0500
2022-10-20T18:58+0500
2022-10-20T19:08+0500
емхана
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/14/28652398_0:296:1659:1229_1920x0_80_0_0_70385cc6d43f55128262968baeedc0a7.jpg
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылының тұрғындары медицина қызметінің сапасыздығына шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында 70 мың адам тұрады. Ауылда медициналық қызмет көрсететін екі мекеме бар."Өмір бойы осы проблема. Міне қаншама адам отырмыз. Басқа жаққа барсаң, ондай проблема жоқ. Кезегі былай тұрсын, дұрыс жауап бермейді. Біресе анда, біресе мұнда жұмсайды", - деп ашуланды Гүлнәр Нұржанова.Ауыл тұрғындары емхананы былай қойғанда, аурухана дәрігерлері де дұрыс емдемейді деп шағымданды. Ауылда 87 дәрігер қызмет көрсетеді. Тәжірибелі 1 дәрігердің жүктемесі – 1770 адам. Демек кадр бойынша да анау айтқандай проблема жоқ.Жамбыл ауданы орталық ауруханасының директоры Дамир Сұраужанов жұмыста еш мәселе жоқ екенін жеткізді."Емделушілер тарапынан дәрігердің қызметі мен пациенттің диагнозын анықтау бойынша шағым түскен жоқ. Пациенттің денсаулығына қатысты қорытынды клиникалық диагнозды дәрігерлер облыстық аурухана дәрігерлерімен кеңесе отырып анықтайды", - дейді Дамир Сұраужанов.Оның айтуынша, дәрігерлер үнемі біліктілігін арттыру үшін тренингтерге қатысып тұрады.Ауруханада пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі де бар көрінеді. Ал дәрігерлер әлеуметтік желідегі тұрғындардың наразылығынан хабарсыз болып шықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/14/28652398_0:5:1659:1249_1920x0_80_0_0_9be143aa0ae2d8592746ba48afed45f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
емхана, аурухана
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылының тұрғындары медицина қызметінің сапасыздығына шағымданды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында 70 мың адам тұрады. Ауылда медициналық қызмет көрсететін екі мекеме бар.
"Кеше қызымды невропатологқа қарату үшін емханаға келдім. Тіркеу бөлімінде "бүгін дәрігер жоқ, ертең келіңіз" деді. Бүгін келсем, "больничныйға" шығып кетіпті. Кеше неге айтпадыңыздар десем, "ауырып қалатынын білмедік" дейді. Ал қызым сабақтан қалды. Жалпы дәрігерлер дұрыс қабылдамайды", - дейді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Бағиза Қалиолла.
"Өмір бойы осы проблема. Міне қаншама адам отырмыз. Басқа жаққа барсаң, ондай проблема жоқ. Кезегі былай тұрсын, дұрыс жауап бермейді. Біресе анда, біресе мұнда жұмсайды", - деп ашуланды Гүлнәр Нұржанова.
Ауыл тұрғындары емхананы былай қойғанда, аурухана дәрігерлері де дұрыс емдемейді деп шағымданды. Ауылда 87 дәрігер қызмет көрсетеді. Тәжірибелі 1 дәрігердің жүктемесі – 1770 адам. Демек кадр бойынша да анау айтқандай проблема жоқ.
Жамбыл ауданы орталық ауруханасының директоры Дамир Сұраужанов жұмыста еш мәселе жоқ екенін жеткізді.
"Емделушілер тарапынан дәрігердің қызметі мен пациенттің диагнозын анықтау бойынша шағым түскен жоқ. Пациенттің денсаулығына қатысты қорытынды клиникалық диагнозды дәрігерлер облыстық аурухана дәрігерлерімен кеңесе отырып анықтайды", - дейді Дамир Сұраужанов.
Оның айтуынша, дәрігерлер үнемі біліктілігін арттыру үшін тренингтерге қатысып тұрады.
Ауруханада пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі де бар көрінеді. Ал дәрігерлер әлеуметтік желідегі тұрғындардың наразылығынан хабарсыз болып шықты.