https://sputnik.kz/20221020/atyrau-oblysynda-qazaqstan-temir-zholy-filalynyn-direktory-ustaldy-28643692.html
Атырау облысында "Қазақстан темір жолы" филалының директоры ұсталды
Атырау облысында "Қазақстан темір жолы" филалының директоры ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалы – "Атырау магистральдық желі бөлімшесінің" директоры Елеубай Сапаров ұсталды... 20.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-20T14:30+0500
2022-10-20T14:30+0500
2022-10-20T14:30+0500
қтж
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалы – "Атырау магистральдық желі бөлімшесінің" директоры Елеубай Сапаров ұсталды, деп хабарлады Ақ Жайық газеті.ҚТЖ филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат ету арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.Департамент күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламады. Бірақ Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдағанын айтты.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, атырау облысы
Атырау облысында "Қазақстан темір жолы" филалының директоры ұсталды
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ филиалы – "Атырау магистральдық желі бөлімшесінің" директоры Елеубай Сапаров ұсталды, деп хабарлады
Ақ Жайық газеті.
ҚТЖ филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат ету арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.
Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.
Департамент күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламады. Бірақ Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдағанын айтты.