"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы филиалының директоры ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. "Қазақстан теміржолы" АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Ақжайық.
Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.
Бұл туралы "Атамекен ҰКП" филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахинмәлімдеді.
Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) күдіктінің қандай баппен және қашан ұсталғаны туралы хабарламайды.
Бірақ Е.Сапаровтың алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдағанын айтады.
Жаңалықтар
0