Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әскери жағдай: Ресей мен ТМД үшін не өзгереді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСитуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области
Ситуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2022
Жазылу
20 қазанда ел президентінің жарлығымен енгізілген Ресейдің төрт аймағындағы әскери жағдай Ресей Федерациясының әскери қимылдарының тактикасына, Қарулы күштерді жұмылдыру мен ұйымдастыруға, экономика мен қоғамына әсер етеді, деп жазды әскери шолушы Александр Хроленко.
Бұл Украинадағы арнайы әскери операцияның стратегиялық міндеттерін жедел шешу үшін жасалып отыр. Бұған қоса, бұл ТМД кеңістігіндегі "көпвекторлы" саясаттың бүгінде жарамсыздығын көрсетеді.
19 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сол күні Федерация Кеңесі бұл құжатты бірауыздан мақұлдады.
Аталған төрт облыстың аумағында бір айдан астам уақыт бойы соғыс қимылдары жүріп жатыр. Донбасс жолдарындағы бақылау-өткізу пункттері мен құжаттарды тексеру тәртібі ешкімді таңғалдырмайды. Херсон облысында билік толығымен әскери сипатта болады да, қазіргі коменданттық сағаттың уақыты өзгертілуі мүмкін.
Украинамен шектесетін аймақтарда және жаңа аумақтарда (Қырым мен Севастополь, Краснодар өлкесі, Белгород, Брянск, Воронеж, Курск және Ростов облыстары) "орташа денгейдегі әрекет ету" енгізілді. Орталық федералдық округ пен Оңтүстік федералды округтің қалған аймақтары жоғары дайындықта тұр.
Бүкіл Ресейде дайындықтың базалық деңгейі енгізіліп жатыр (қоғамдық тәртіпті, маңызды нысандарды, көлік, энергетика, байланыс және коммуникациялар жұмысының ерекше режимін қорғауды күшейту). Әскери жағдай ең алдымен билік пен мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады. Ресей халқының көпшілігі сыртқы өзгерістерді байқамауы да мүмкін.
"Жарлық Ресей Федерациясының үкіметі мен жергілікті билік органдарына жедел жағдайдағы өзгерістерге тиімдірек әрекет етуге мүмкіндік береді. Өңірлер аумақтық қорғаныс жасақтарын құруға, аса қауіпті аймақтардан азаматтарды уақытша көшіруге, жергілікті халықты төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуге тартуға заңды негіз алды", - деп жазды Хроленко.
Әскери жағдай губернаторларға күш құрылымдарының қатысуымен үйлестіру штабтарын құруға, экономикалық салада мобилизация жүргізуге, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға, әскери құрамалардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кремль жақын күндері Ресей аймақтарының қауіпсіздікке қатысты ұсыныстарын қарастыруға дайын.
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың бірінші кезектегі міндеттерін түзету қажеттігін мәлімдеді. Сондықтан, миграциялық бақылау мен шетел азаматтарының Ресейде болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі күшейтіледі. Құқық қорғау органдары мен барлау органдарына мигранттарды қылмыс жасау мақсатында пайдаланатын халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін белсендірек анықтау тапсырылды.
"Бірнеше күннен бері Украина Қарулы күштері Днепрдің оң жағалауындағы ресейлік әскердің позицияларына қарсы шабуыл жасауға әрекеттеніп жатыр. Сәрсенбі күні таңертең Запорожье атом электр станциясын басып алу үшін Каховка су қоймасының сол жағалауына қонуға әрекеттенген кезде Украинаның десанттық күші көзі жойылды", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, Киев режимі адам күші мен әскери техникасының айтарлықтай резервін Николаев облысына шоғырландырды. Украинаның Бас штабы Днепрдегі Кахов ГЭС бөгетін зымыран шабуылымен немесе теңіз миналарымен жару жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл Ресейдің ауқымды аумағын су басып, биіктігі бес метрге жететіндей "цунами" тудыруы ықтимал.
Арнайы әскери операцияның қолбасшысы, ресейлік армия генералы Сергей Суровикин 18 қазанда "Херсон қаласына қатысты алдағы жоспар мен әрекет әскери-тактикалық жағдайдың өрбуіне байланысты болатынын" айтты.
Он тәуліктен бері Украинаның барлық аумағында Украина Қарулы күштерінің энергетикалық, командалық, логистикалық және коммуникациялық нысандарына шабуылдар жалғасып жатыр. Хроленконың мәліметінше, Ресейдің арнайы әскери операция аймағында қорғаныстан шабуылға көшу және Украинаның тағы үш өңірі - Николаев, Одесса және Днепропетровск облыстарын азат ету ықтималдылығы артты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0