Тұмауға қарсы вакцина кімдерге егіледі – Астананың бас санитар дәрігері жауап берді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Тұмауға қарсы вакцина
Тұмауға қарсы вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинаны тездетіп алуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл күз басталғалы бері жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырған 7 146 адам тіркелген. Бұл өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда 19 процентке төмен болып тұр. Дегенмен тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін Ресейден "ГРИППОЛ" вакцинасы сатып алынды. Екпе вирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдарға салынады. Олар:
медицина қызметкерлері;
диспансерлік есепте тұрған балалар;
балалар үйінің тәрбиенушілері;
қарттар үйінің контингенті;
жүкті әйелдер;
созылмалы ауруы бар адамдар;
түзеу мекемелерінде отырғандар;
мектеп оқушылары.
Осы уақытқа дейін 140 мыңға жуық адамға тұмауға қарсы вакцина тегін салынды.
"Вирустық инфекцияларды жұқтыру көрсеткішінің өсуіне байланысты тұмауға қарсы вакцина алмаған адамдарды тездетіп вакцина алуға және тұрғылықты жері бойынша емханаларға жүгінуге кеңес беремін. Кәсіпорын басшыларынан еңбек ұжымдарының иммундық қорғанысты уақытылы алуын назарда ұстауды сұраймын", - деді Бейсенова әкімдікте өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша айларында) осы жылғы вакцинаны алу керек.
"Вакцина алғаннан кейін иммунитет 14 күн өткен соң қалыптасады және келесі маусымға дейін сақталады", - деп атап өтті Бейсенова.
Жаңалықтар
0