Тоқаевты қолдаған халықтық коалицияға тағы 15 ұйым қосылды
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Алдағы президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған халықтық коалцияға тағы 15 ұйым қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Amanat партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін коалицияның ұйымдастыру комитеті жиналды. Оған тағы бірнеше ұйымның өкілі келіп, коалицияға қосылатынын мәлімдеді.
Олар:
Кәсіподақтар федерациясы;
Қазақстан Жазушылар одағы;
"SERPIN" ұлттық білім және инновациялар палатасы;
"Bolashaq" қауымдастығы;
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы;
Қазақстанның мүгедектер ұйымдарының одағы;
"Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қоры;
Цифрлық трансформация қауымдастығы;
Республикалық әйелдердің кеңесі;
Қазақстан футбол федерациясы;
Әкелер одағы;
Ассамблея жастары;
Халықаралық құқық қорғау орталығы;
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы;
Қазақстанның "OSHAQ" жергілікті қоғамдастықтарының халық конгресі;
Отырыс барысында қатысушылар үгіт-насихат науқанын жүргізу үшін кандидаттың сайлау қорына қаражат жинауға қатысты мәлімдеме де жасады.
Халықтық коалиция мүшелері сайлау қорына қаржылай қолдауды кандидаттың жақтаушылары тек ерікті түрде жасайтынын алға тартты.
"Осыған байланысты мәжбүрлеп ақша аударту туралы тараған ақпарат арандату болып табылады. Халықтық коалиция мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды және тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінеді", - делінген ресми ақпаратта.
Жиында өңірлерде үгіт-насихат іс-шараларын өткізу, кандидаттың байқаушылары мен сенімді тұлғаларын оқыту, сайлау науқанының құқықтық аспектілері және тағы басқа мәселелер талқыланды.