https://sputnik.kz/20221019/smayylov-oz-zhumysy-zhayly-men-qolymnan-kelgenshe-zhumys-istep-zhurmin-28610985.html
Смайылов өз жұмысы жайлы: мен қолымнан келгенше жұмыс істеп жүрмін
Смайылов өз жұмысы жайлы: мен қолымнан келгенше жұмыс істеп жүрмін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өз жұмысын қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T11:44+0500
2022-10-19T11:44+0500
2022-10-19T13:18+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634450_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_3735174a556e6474f32436bb57a44c07.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өз жұмысын қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Әлеуметтік желіде үкіметті сынап, премьер-министр отставкаға кетсін деген пікір жиі айтылады. Өз жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?", - деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында премьерден.Премьер-министр "Жұмысына салғырт қарайтын қызметкерлерді жұмыстан неге шығармайсыз?" деген сұраққа былай жауап берді:"Мәселе жұмыстан қуу емес, мәселе – жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру. Бізде президенттің тиісті тапсырмалары, стратегиялық бағыттарымыз бар. Біз оларды қалай жүзеге асыратынымызды ойластырып, дұрыс жолдарды айқындап, бір-бірімізге көмектесіп, бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Мәселе біреуге ұрсу, жұмыстан қуу емес. Мәселе – алға қойған мақсатқа бірігіп қол жеткізу. Бұл менің ұстанымым"Айта кетері, бүгін мәжілістің жалпы отырысында үш жылдық бюджет қаралды. Төменгі палатаның отырысына премьер-министр бастаған үкімет мүшелері жиналды.Айта кетері, биыл шілде айында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысына орташа деген баға берген болатын.
https://sputnik.kz/20220714/toqaev-ukimet-baga-26121864.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634450_177:0:2906:2047_1920x0_80_0_0_d28ecfb921a4d021ac5e4f56c51c0a62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
Смайылов өз жұмысы жайлы: мен қолымнан келгенше жұмыс істеп жүрмін
11:44 19.10.2022 (жаңартылды: 13:18 19.10.2022) АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өз жұмысын қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әлеуметтік желіде үкіметті сынап, премьер-министр отставкаға кетсін деген пікір жиі айтылады. Өз жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?", - деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында премьерден.
"Мен күнделікті жұмыс істеп, қолымнан келгенше, тәжірибеме қарай жұмыс атқарып жүрмін. Мемлекет басшысының тарапынан, қоғам тарапынан маған көрсеткен сенімді ақтауға тырысамын. Ал маған баға беретін қоғам және президент", - деп атап өтті Смайылов.
Премьер-министр "Жұмысына салғырт қарайтын қызметкерлерді жұмыстан неге шығармайсыз?" деген сұраққа былай жауап берді:
"Мәселе жұмыстан қуу емес, мәселе – жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру. Бізде президенттің тиісті тапсырмалары, стратегиялық бағыттарымыз бар. Біз оларды қалай жүзеге асыратынымызды ойластырып, дұрыс жолдарды айқындап, бір-бірімізге көмектесіп, бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Мәселе біреуге ұрсу, жұмыстан қуу емес. Мәселе – алға қойған мақсатқа бірігіп қол жеткізу. Бұл менің ұстанымым"
Айта кетері, бүгін мәжілістің жалпы отырысында үш жылдық бюджет қаралды. Төменгі палатаның отырысына премьер-министр бастаған үкімет мүшелері жиналды.
Айта кетері, биыл шілде айында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысына орташа деген баға берген болатын.