Сәтбаевта ер адамды атып кетті деген күдікпен екі жігіт ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Полицейлер Сәтбаев қаласында ер адамға оқ атты деген күдікпен екі жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 18 және 20 жастағы екі жігіт құрықталды. Тергеушілердің болжамына сәйкес, біреуі жәбірленушіге оқ атқан. Ал екіншісі көлік жүргізген. Бір күдікті өз кінәсін мойындады.
"Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Күдіктілер оқиға орнынан автокөлікпен кетіп бара жатып, 24 жастағы жігітке оқ атқан. Сосын көлікпен қашып кетті. Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 24, 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақтар тәркіленді.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Жаңалықтар
0