Сәтбаевта ер адамды атып кетті

© AP Photo / Rogelio V. SolisАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Сәтбаев қаласында ер адамды атып кетті.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторларының айтуынша, атыс Ulytau Mall сауда орталығының алдында болған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-99-бабы (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
0