https://sputnik.kz/20221019/reseymen-shekarada-eki-eldi-meken-qurylady-28608734.html
Ресеймен шекарада екі елді мекен құрылады
Ресеймен шекарада екі елді мекен құрылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Атырау облысының Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында екі елді мекен пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз... 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T11:14+0500
2022-10-19T11:14+0500
2022-10-19T11:14+0500
шекара
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28605618_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_a1329d8a8dba77f0b04fb801a6017941.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Атырау облысының Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында екі елді мекен пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа елді мекендерді құруға 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.Мердігерлер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын аяқтады. 13,1 километр елді мекен ішілік жол, 41,4 километр электр жарығы, 27,4 километр ауыз су құбыры және 21,4 километр газ құбыры тартылды. Учаскелер пайдалануға толығымен дайын.Жаңа ауылдардың тұрғындарын 468 жер теліміне орналастыру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандарға тұрғын үй салу үшін бір гектардан жер беріледі. Жобаны жүзеге асыруды "Қарағанды жолдары" ЖШС ұйымы өз мойнына алды."Құрманғазы ауылында 2016 жылдан бері 2 мыңға жуық адам кезекте тұр. Тұрғындарға кезекпен жер беріле бастады. 60 өтініш беруші жер телімдерін алып үлгерді. Одан кейін келесі 120 тұрғынға кезек бойынша жер телімдері беріледі", - деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.Жаңа шағын ауылдар Болашақ және Шипажай деп аталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/13/28605618_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_28284346db6b01bf9495f4955c044714.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, ауыл
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Атырау облысының Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында екі елді мекен пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа елді мекендерді құруға 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Мердігерлер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын аяқтады. 13,1 километр елді мекен ішілік жол, 41,4 километр электр жарығы, 27,4 километр ауыз су құбыры және 21,4 километр газ құбыры тартылды. Учаскелер пайдалануға толығымен дайын.
Жаңа ауылдардың тұрғындарын 468 жер теліміне орналастыру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандарға тұрғын үй салу үшін бір гектардан жер беріледі. Жобаны жүзеге асыруды "Қарағанды жолдары" ЖШС ұйымы өз мойнына алды.
"Құрманғазы ауылында 2016 жылдан бері 2 мыңға жуық адам кезекте тұр. Тұрғындарға кезекпен жер беріле бастады. 60 өтініш беруші жер телімдерін алып үлгерді. Одан кейін келесі 120 тұрғынға кезек бойынша жер телімдері беріледі", - деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.
Жаңа шағын ауылдар Болашақ және Шипажай деп аталады.