https://sputnik.kz/20221019/qonaev-qalasynda-almatydagy-zhogary-oqu-oryndarynyn-bolimshesi-ashylady-28609851.html
Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындарының бөлімшесі ашылады
Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындарының бөлімшесі ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Алматы облысына жұмыс сапарымен барған президент... 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T11:22+0500
2022-10-19T11:22+0500
2022-10-19T11:24+0500
алматы
студент
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_0:113:3239:1935_1920x0_80_0_0_511a5473bfe4961bc033120a9caa5b2e.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Алматы облысына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президенттің айтуынша, қазіргі кезде жоғары оқу орындарының көбісі Алматыда орналасқаннан кейін көлік кептелісі көп болады. Жатақхана мен баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.Мемлекет басшысы Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бөлімшесін ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ жаңа заманауи университет ашылуы қажет."Жалпы, әлемнің ірі университеттерінің көпшілігі ірі қалаларда емес, қаладан алшақтау жерлерде жайғасқан. Бұл жастардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Осы қадам өңірдегі кадр тапшылығына байланысты түйткілдерді шешуге де зор септігін тигізеді", - деп атап көрсетті Тоқаев.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437912_254:0:2985:2048_1920x0_80_0_0_ac0b277e600f487c28d4d63b04775260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, студент, қасым-жомарт тоқаев
алматы, студент, қасым-жомарт тоқаев
Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындарының бөлімшесі ашылады
11:22 19.10.2022 (жаңартылды: 11:24 19.10.2022) АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Алматы облысына жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде жоғары оқу орындарының көбісі Алматыда орналасқаннан кейін көлік кептелісі көп болады. Жатақхана мен баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.
"Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта "академиялық қалашық" құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек. Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен, Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес", - деді Тоқаев облыс жұртшылығымен өткен кездесуде.
Мемлекет басшысы Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бөлімшесін ашу мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ жаңа заманауи университет ашылуы қажет.
"Жалпы, әлемнің ірі университеттерінің көпшілігі ірі қалаларда емес, қаладан алшақтау жерлерде жайғасқан. Бұл жастардың алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін қажет. Осы қадам өңірдегі кадр тапшылығына байланысты түйткілдерді шешуге де зор септігін тигізеді", - деп атап көрсетті Тоқаев.