https://sputnik.kz/20221019/qazaqstannyn-kievtegi-elshiligi-zhumysyn-zhalgastyryp-zhatyr--diplomatiyalyq-okildik-28602449.html
Қазақстанның Киевтегі елшілігі жұмысын жалғастырып жатыр – дипломатиялық өкілдік
Қазақстанның Киевтегі елшілігі жұмысын жалғастырып жатыр – дипломатиялық өкілдік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевтегі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады сейсенбі күні дипломатиялық өкілдік. 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T08:15+0500
2022-10-19T08:15+0500
2022-10-19T08:15+0500
украина
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28342705_0:489:2033:1633_1920x0_80_0_0_7eeea096866494a00d574ffe09ae200f.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевтегі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады сейсенбі күні дипломатиялық өкілдік.Telegram каналда жарияланған ақпарат бойынша Киевте Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты Сергей Евтушпен кездескен. Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.11 қазанда сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Киевтен елшілік қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін шешіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол жақын күндері шешім қабылданып, "қызметкерлер толық эвакуациялануы мүмкін" екенін айтты.Қазақстанның Киевтегі елшілігі бұған дейін республика азаматтарына Украинаға барудан бас тартуды ұсынып, ондағы қазақстандықтарды мүмкіндігінше ел аумағынан кетуді сұраған болатын.
украина
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28342705_0:224:2033:1749_1920x0_80_0_0_bd755fb0b93efa36fb87ceec6d87af57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, қазақстан
Қазақстанның Киевтегі елшілігі жұмысын жалғастырып жатыр – дипломатиялық өкілдік
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевтегі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады сейсенбі күні дипломатиялық өкілдік.
Telegram каналда жарияланған ақпарат бойынша Киевте Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты Сергей Евтушпен кездескен. Кездесу барысында сұхбаттасушылар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
"Сонымен қатар халық депутаты Қазақстан елшісі мен үкіметіне Украинадағы күрделі әскери жағдайға қарамастан, елшіліктің дипломатиялық құрамы Киевте қалып, жұмысын жалғастырып жатқаны үшін ризашылығын білдірді", - делінген дипломатиялық өкілдіктің хабарламасында.
11 қазанда сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Киевтен елшілік қызметкерлерін эвакуациялау мәселесін шешіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол жақын күндері шешім қабылданып, "қызметкерлер толық эвакуациялануы мүмкін" екенін айтты.
Қазақстанның Киевтегі елшілігі бұған дейін республика азаматтарына Украинаға барудан бас тартуды ұсынып, ондағы қазақстандықтарды мүмкіндігінше ел аумағынан кетуді сұраған болатын.