Қазақстанда тағы бір мереке бекітілді

© Photo : UnsplashДевушка с книгой в руке проводит время в библиотеке
Девушка с книгой в руке проводит время в библиотеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Премьер-министр Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы 689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын - "38-1. Кітапханашы күні – 24 қазан", - делінген құжатта.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
0