Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа 1,5 мың адам ілігеді

© AP Photo / Vladimir TretyakovАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Осы жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі рақымшылыққа ілігеді. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің болжам бойынша рақымшылыққа 1,5 мыңдай адам ілігеді. Басым бөлігі – қарапайым азаматтар", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, амнистия жаппай тәртіпсіздік, ұрлық және басқа да қылмыстармен байланысты баптар бойынша жауапқа тартылып жатқан азаматтарға қатысты қолданылады.
Мәжілісте "Рақымшылық туралы" заң жобасын қарау кезінде Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша барлығы құқық қорғау органдарының 49 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Сол 49 адамның біреуі ғана рақымшылыққа ілігеді. Ол Қылмыстық кодекстің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу" бойынша жауапқа тартылуда.
"Құқық қорғау органдарының қалған қызметкеріне рақымшылық жасалмайды", - деді Шындалиев мәжіліс отырысында.
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Азаптау ісі бойынша 29 полицей мен ҰҚК қызметкері жауапқа тартылып жатыр
Жаңалықтар
0