Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин көші-қон саясатының тұжырымдамасын түзетуді ұсынды

© PhotoВладимир Путин на саммите глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Владимир Путин на саммите глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Владимир Путин жаңа жағдайда көші-қон саясатының қазіргі тұжырымдамасын түзету қажет екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Көші-қон саясатының кейбір мәселелерін талқылар болсақ, бұл сала ұлттық қауіпсіздік, Ресей мен біздің қоғамның тұрақты дамуы үшін өте сезімтал. Әлемдегі жағдай серпінді өзгеріп жатыр, көші-қон саласына әсер ететін жаңа жаһандық және аймақтық факторлар пайда болып жатыр", - деді Путин РФ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде.
Ол бұл өзгерістерге дер кезінде және тиімді ден қою, жаңа жағдайды жан-жақты талдау негізінде жұмысты жетілдіру қажет екенін айтты.
"Демек, мемлекеттік көші-қон саясатының қазіргі тұжырымдамасын түзету қажет екені анық", - деді Путин.
Ресей президенті ол түзетулер қазіргі және ықтимал сын-қатерлердің барлық кешенін толығымен ескеріп, заңнаманы одан әрі жетілдіруге негіз болуы керек екенін айтты.
Ресей президенті тиісті тапсырма 2020 жылдың наурыз айында берілгенін еске салды.
Жаңалықтар
0