Өскеменде 1000 тоннадан астам шөп өртенді

© ДЧС Павлодарской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Өскемендегі Ново-Явленка кентінде шаруа қожалығының аумағында 450 тонна шөп өртенді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өңірде шөп шабу науқаны басталғалы өрттің салдарынан барлығы 1000 тоннадан астам шөп өртеніп кетті.
"Шабындықтардағы өртке негізінен отпен абайсызда жұмыс істеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болады. Шөпті сарайдың шатырында және электр желілеріне жақын басқа да шаруашылық құрылыстарында жинайды, бұған қатаң тыйым салынады", - деді ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Мамандар шөпті сөндіру өте қиын екенін атап өтті. Егер шөп өртеніп кетсе, онда өрттің таралуына жол бермеу үшін ғана шұғыл шаралар қабылдаймыз, дейді өрт сөндірушілер.
Жаңалықтар
0