https://sputnik.kz/20221019/mazhilis-saylauy-zeynetaqy-men-zhardemaqyga-220-mlrd-tengege-zhuyq-qarazhat-bolinedi-28609023.html
Мәжіліс сайлауы, зейнетақы мен жәрдемақыға 220 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Мәжіліс сайлауы, зейнетақы мен жәрдемақыға 220 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге, зейнетақы мен... 19.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-19T11:00+0500
2022-10-19T11:00+0500
2023-08-11T11:40+0500
жәрдемақы
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 219,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы мәжілістің тиісті заң жобасына берген қорытындысында айтылған.Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджетті қарау кезінде заң жобасына 2023 жылға бірқатар түзету енгізді.Атап айтқанда:Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауының іс-шараларын іске асыруға – 219,9 млрд теңге (зейнетақы мөлшерін ұлғайту, бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын ұлғайту, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны монетизациялау, жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауларын өткізу);әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жекелеген іс-шараларды іске асыруға – 14,7 млрд теңге;тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды төлеуге – 35 млрд теңге.Сондай-ақ 54,3 млрд теңге қосымша ауылдық және қалалық сумен жабдықтауға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, газбен жабдықтауды дамытуға, жолдарға, ауруханалар салуға бағытталады.Қаржыландыру көздері – президенттің бастамаларына арналған резерв және үкімет резерві.Бұдан басқа, президенттің білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру туралы жарлығын іске асыру үшін шығыстарды ұлғайтпай екі жаңа министрлікке қайта бөлуді көздейтін түзетулер енгізілді.Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, зейнетақы
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуге, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 219,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы мәжілістің тиісті заң жобасына берген қорытындысында айтылған.
Мәжіліс депутаттары үш жылдық бюджетті қарау кезінде заң жобасына 2023 жылға бірқатар түзету енгізді.
Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауының іс-шараларын іске асыруға – 219,9 млрд теңге (зейнетақы мөлшерін ұлғайту, бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау кезеңінің ұзақтығын ұлғайту, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны монетизациялау, жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауларын өткізу);
әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жекелеген іс-шараларды іске асыруға – 14,7 млрд теңге;
тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды төлеуге – 35 млрд теңге.
Сондай-ақ 54,3 млрд теңге қосымша ауылдық және қалалық сумен жабдықтауға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, газбен жабдықтауды дамытуға, жолдарға, ауруханалар салуға бағытталады.
Қаржыландыру көздері – президенттің бастамаларына арналған резерв және үкімет резерві.
Бұдан басқа, президенттің білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру туралы жарлығын іске асыру үшін шығыстарды ұлғайтпай екі жаңа министрлікке қайта бөлуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.