Мәдениет үйінің директоры баланы ұрды – полиция желіде тараған видеоны растады

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Павлодар облысында ауылдағы клубтың басшысы жасөспірімді соққыға жықты. Баланың достары бәрін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеода алыстан ер адамның велосипедпен жақындап келеді. Ал келген бойда бір баланы бастан ұрып, жерге құлатады.
"Балаларды бір-бірімен төбелестіретін болсаң, құлағыңды кесіп аламын!", - дейді ол.
Балағат сөздер де естіледі. Видеоның анықтамасында: "8 қазанда Қашыр ауданының (қазіргі Тереңкөл) Тілеубай ауылын мәдениет үйінің директоры 12 жастағы баланы ұрып тастады", - деп жазылған.
Ауылдық округтың әкімдігі баланы ұрған жергілікті клуб басшысы екенін растады. Қазіргі кезде ауданнан арнайы топ келді. Олар мәселенің мән-жайын анықтайды. Ал Павлодар облыстық полиция 9 қазанда зардап шеккен баланың заңды өкілі арыз түсіргенін хабарлады.
44 жастағы ер адамның баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Ал сот-медициналық сараптама бойынша жасөспірім жеңіл жарақат алған. Осыған байланысты Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ертең осы іс сотта қаралады. Айта кетері, осы тәртіп бұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш (47 700 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0