Инфляция 2025 жылға қарай 3%-ке дейін төмендейді

© Sputnik / Абзал КалиевӘлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
Ұлттық банктің мәліметінше, қазір республикада жылдық инфляция 17,7%-ке жетті
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы бес жылдағы инфляция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мәжілістің жалпы отырысында 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндама жасады. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды.
"Инфляция 2023 жылы 7,5-9,5 % деңгейінде, 2024 жылы – 4-5%, 2025 – 2027 жылдары 3-4% деңгейінде белгіленді", - деді Қуантыров.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, Қазақстанда жылдық мәнде инфляция 17,7%-ке жетті. Бұған азық-түлік бағасының 22,2%-ке өсуі айтарлықтай үлес қосып отыр.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17%-ке дейін қарқын алды. Ақылы қызмет инфляциясы 12,3%-ті құрады.
"Қыркүйек айындағы сыртқы шоктарды ескерсек, осы жылдың соңына қарай инфляция біздің тамыз айындағы болжамымыздан асып түседі. Қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ке дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түлік бағасы өсімінің баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейді", - деді Пірматов.
Жаңалықтар
0