АҚШ экономикасы қандай жағдайға тап болды?

© AP Photo / Julio CortezГорода мира. Нью-Йорк
Города мира. Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
Батыс сарапшылары Америка экономикасы бір жылдың ішінде сөзсіз рецессияға ұшырайтынына сенімді. Билік рекордтық инфляцияны тежеу ​​үшін проценттік мөлшерлемелерді көтеруді жалғастырып жатыр. Алайда бұл жұмыссыздықтың өсуі мен экономикалық құлдырауға себеп болып отыр, деп жазды РИА Новости.
Bloomberg агенттігінің экономистері АҚШ-та 2023 жылдың қазан айына қарай рецессия болатының анық деп мәлімдеді. Өндірістің төмендеуі рекордтық инфляцияға байланысты болады. Қыркүйек айында жылдық мәнде ол 8,2 процентті құрады. Соңғы онжылдықта баға жылына екі проценттен аз өсті.
Қазіргі ахуал адамдарды азық-түлік пен бензин шығындарын үнемдеуге мәжбүрлеп отыр. Үш шаруашылықтары жанармайға үлкен шығын жұмсап отыр. Бұл қымбаттауға америкалықтардың жартысына жуығы Джо Байденді айыптап отыр. Ал мемлекет басшысы бұл наразылықпен келіспейді. Оның пікірінше, мысалы, Калифорнияда жанармай галлоны "барлық кезде жеті доллар көлемінде болған".
Демократтың бұл сөздері республикашылдардың наразылығын тудырды. "Кешіріңіз, президент мырза, бірақ Калифорнияда бензиннің бір галлоны әрдайым жеті доллар болған жоқ. Шын мәнінде, сіз президент болмай тұрып, тіпті бес доллар көлеміндегі баға өте жоғары болып саналған", - деп жазды сенат депутаттығына кандидат Марк Мейзер.
Саясаткерлер бензиннің орташа бағасы төрт долларға жуық көтерілгенін еске салды. Президенттің айтуынша, АҚШ-та рецессия болуы екіталай.
Байденді оның экономикалық кеңесшісі Сесилия Роуз қолдады. Оның пікірінше, бағаның өсуімен күресу шаралары тиімді болды. Оның үстіне, АҚШ басқа елдерге қарағанда аз зардап шекті.
Алайда, сарапшылардың күдігі Федералдық резервтік жүйенің (ФРЖ) инфляцияның үдеуімен белсенді күресі аясында күшейе түсті. Реттеуші мекеме монетарлық саясатты күрт өзгертті. 21 қыркүйекте базалық мөлшерлеме үшінші рет қатарынан 3-3,25 процентке дейін көтерілді. Бұл 2008 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
ФРЖ-ның бұл шешімі елдегі экономикалық құлдырауға себеп болады. Пандемия басталғалы бері реттеуші мекеме долларларды бақылаусыз басып шығара бастады. Одан кейін бәсең ақша-кредит саясаты мөлшерлеменің қатты көтерілуіне жол берді.
"Мұның барлығы АҚШ-та өнеркәсіптік өндіріс пен бөлшек сауданың төмендеуіне әкелуі мүмкін. ЖІӨ 2023 жылдың бірінші жартысында нөлдік өсу қарқынын көрсету қаупі бар", - дейді "Финмир" маркетплейсінің халықаралық қаржы нарықтары бойынша маманы Георгий Свирин.
Сарапшылардың пікірінше, Америка экономикасындағы проблемалар жылдар бойы қордаланып келеді. Көптеген шетелдік сарапшылар бұл мемлекет 2008 жылғы дағдарыстан әлі шыға алмады деп есептейді.
"Шындығында, біз қазір куә болып отырған жағдай Америка билігінің шамадан тыс ақша басып шығарған шараларының нәтижесі. Соның салдарынан инфляцияның 40 жылдағы рекордтық көрсеткіші, халықтың нақты табысының төмендеуі, ипотека бойынша мөлшерлеменің артуы туындады. Ал тұрғын үй кредиті кез келген елде, әсіресе АҚШ-та экономиканың қозғалтқышы болып табылады" - дейді Тәжірибелік инвестиция мектебінің негізін қалаушы Федор Сидоров.
Сарапшы ФРЖ проценттік мөлшерлемені көтеруді жалғастырады деп болжады. "Бұл халық пен бизнес үшін қолжетімді кредиттерге нүкте қояды. Соның салдарынан тұтынушылық сұраныс азайып, бұл рецессияны күшейтеді", - деп түсіндірді ол.
Энергия ресурстары, металдар, ауылшаруашылық шикізатының әлемдік бағасы қымбаттауы жағдайды ушықтырып тұр. Бұл мәселені монетарлық саясатты қатаңдату арқылы шешу мүмкін емес. Бұған қоса, АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға, медицинаға, білім беруге жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы көптен бері айтып келеді. Сондай-ақ, көлік және коммуналдық инфрақұрылымның құлдырауы байқалады.
ФРЖ-ның қатаң монетарлық саясаты инвесторларды долларға облигациялар сатып алуға мәжбүрлеп жатыр. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валюталары құнсызданған елдерде рецессия туындап, олардың мемлекеттік қарыздарын төлей алмауына алып келіп жатыр. Соның салдарынан олардың орталық банктері де проценттік мөлшерлемені көтерді.
Сонымен қатар, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тез өсіп жатыр. Ол қазірдің өзінде 31 триллион доллар көлеміндегі рекордтық көрсеткіштен асты. Негізінен бұл ішкі міндеттемелер болып отыр.
Сарапшылар АҚШ экономикасы әлемдегі ең ірі экономика және доллар резервтік валюта болып тұрған шақта қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты. Дегенмен, қарызға қызмет көрсету құны өсіп жатыр. 2029 жылға қарай ол 8,1 триллион долларды құрауы тиіс. Осыған байланысты Джо Байден бюджетті қысқартуды бұл тығырықтан шығатын жол ретінде қарастырып отыр.
"Тіпті қарыз дағдарысы басталса да, инвесторлар АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын белсенді түрде сатып алып, осылайша америкалық валютаға деген сұранысты арттырады. Доллар алдағы айларда нығая береді. Жыл соңына қарай ол 70-75 рубль шегінде ғана емес, 78-80-ге дейін көтерілуі мүмкін", - дейді Георгий Свирин.
Тәжірибе көрсеткендей, дағдарыс кезінде жаһандық инвесторлар долларға инвестиция салады. Олар доллардан тез бас тарта алмайды. Өйткені барлығы АҚШ экономикасына тым тәуелді. Америка валютасына халықаралық есеп айырысулардың 41 проценті, еуроға 35,5 проценті тиесілі. Үздік үштікті фунт стерлинг 6,45 көрсеткішімен тұйықтап тұр.
Жаңалықтар
0