Экономика

2023-2025 жылдары жалпы ішкі өнім 4,1%-ке өседі

© Photo : СС0 / edarАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. 2023-2025 жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,1% деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы мәжілістің "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына берген қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын дайындау кезінде базалық сценарий негізге алынған.
Заң жобасында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2023-2025 жылдары 4,0 - 4,1% деңгейінде болжанып отыр.
Номиналды ЖІӨ 2023 жылы 120,7 трлн теңгеден 2025 жылы 146,5 трлн теңгеге дейін өседі.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2023 жылы 13,2 мың долларды құрайды, ол 2025 жылы 15,6 мың долларға дейін ұлғаяды.
Бағалау бойынша ағымдағы динамика сақталған жағдайда, мұнайдың орташа жылдық бағасы 2022 жылы бір баррель үшін 100 доллардан асады. Болжамда орта мерзімді кезеңге бір баррель үшін неғұрлым консервативтік баға 85 доллар алынған болатын.
Жаңалықтар
0