https://sputnik.kz/20221018/turmystyq-zorlyq-zombylyq-28574393.html
Тұрмыстық зорлық-зомбылық қай өңірлерде жиі жасалады
Тұрмыстық зорлық-зомбылық қай өңірлерде жиі жасалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі жасалатын өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T08:58+0500
2022-10-18T08:58+0500
2022-10-18T09:01+0500
өңірлер
тұрмыстық жанжал
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_25:0:987:541_1920x0_80_0_0_c648056eba126c6856da08c79328bc43.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі жасалатын өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам шағым түскен. Қолданыстағы заңға сәйкес арыз-шағым болмаса полицейлер "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды. "Салдарынан жазасыздық жүгенсіздікке, бассыздыққа жол береді. Қол жұмсау әдетке айналады. Түбінде, ауыр зардаптарға апарады. Осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған", - деді ведомство басшысы. ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымдарға тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/140/15/1401551_145:0:866:541_1920x0_80_0_0_5f03c92fe51670ab0941ecf1acba25a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрмыстық жанжал
Тұрмыстық зорлық-зомбылық қай өңірлерде жиі жасалады
08:58 18.10.2022 (жаңартылды: 09:01 18.10.2022) АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі жасалатын өңірлерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам шағым түскен.
"Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында болған. Бірақ олардың 60% бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полицейлер оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан", - деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Қолданыстағы заңға сәйкес арыз-шағым болмаса полицейлер "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды.
"Салдарынан жазасыздық жүгенсіздікке, бассыздыққа жол береді. Қол жұмсау әдетке айналады. Түбінде, ауыр зардаптарға апарады. Осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған", - деді ведомство басшысы.
ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымдарға тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша:
10 мыңнан астам адам қамауға алынды;
8,5 мың адамға ескерту берілді;
675 адамға айыппұл салынды.