Ресей Қазақстан студенттеріне арналған квотаны ұлғайтты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСтудент
Студент - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстанда жақын арада Ресейдің жоғары оқу орындарында тегін білім алатын студенттерді іріктеу басталады. Астанадағы "Россотрудничество" өкілдігінің басшысы Ольга Филонова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында биыл оқу жылында талапкерлерді қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы айтып берді.
© PhotoАстанадағы "Россотрудничество" өкілдігінің басшысы Ольга Филонова
Глава Представительства Россотрудничества в Астане Ольга Филонова - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Астанадағы "Россотрудничество" өкілдігінің басшысы Ольга Филонова
- Россотрудничествоның "квота науқаны" дегеніміз не? Болашақ студенттерге және олардың ата-аналарына Ресейдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға түсу ережелерін қалай жетік түсіндіруге болады?
"Квота науқаны" – бұл сөз тіркесі Ресейде жоғары білім алғысы келетін шетелдік студенттерді іріктеу бойынша өтетін үлкен процестің жұмыс терминологиясына айналды. Ресей Федерациясының үкіметі 175 мемлекетке квота бөлді. Биыл Қазақстанға 700 көлемінде рекордтық квота бөлінді. Бұл 700 қазақстандық студент Калининградтан Владивостокқа дейінгі аумақта орналасқан Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға аттанады деген сөз. Бұл тегін білім, ал студенттер жатақханаға орналастырылып, шәкіртақы алатынын ескере кету керек.
- Ресей шетелдіктерді оқытуға не үшін ақша жұмсайды?
Шетелдік студенттерді дайындауға ұзаққа созылған мемлекетаралық келісімдер түрткі болып отыр. Оның құрамына Ресейдің шетелдік өкілдіктері, басқа елдерде мүдделері бар Ресейдің ірі компаниялары, қай салаға белгілі бір мамандар қажет екенін жақсы білетін министрліктер мен ведомстволар кіреді.
Осыдан кейін барлық ақпарат жинақталып, өңделіп, Ресей тату қарым-қатынастағы елдердің студенттеріне өз университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, өз елінің игілігі үшін жұмыс істеуі керек түлектерді Қазақстанға қайтаруға басымдық беріледі.
Студенттердің көбі оқуын бітіріп, Қазақстанға қайтады. Бірақ Ресейде немесе басқа елдерде оқуын жалғастырып жатқандар да бар.
- Қазақстандық студенттердің басқа елдерден келген студенттерден айырмашылығы бар ма?
Бұл туралы қазақстандықтар оқитын көптеген ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдері үнемі айтып жүр. Олар қазақстандық студенттердің бастапқы жоғары білім деңгейін, еңбекқорлығын атап өтеді. Студенттер өз университеттерінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.Ұлты қазақ болмаса да, ұлттық мәдениеттің, тұрмыстың, тағамның элементтерін алып келеді.
- Биыл студенттерді іріктеу қалай өтеді?
"Ресей Федерациясындағы шетелдіктерге арналған білім" арнайы сайты арқылы өтініш беру қажет. Қазір сайтты мамандар реттеп жатыр және жақын арада ол жұмысын бастайды. Бакалавриат, специалитет, магистратура, ассистентура, ординатура, аспирантура, қосымша кәсіптік және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу бөліміне түсуге болады.
© PhotoАстанадағы "Россотрудничество" өкілдігінің басшысы Ольга Филонова
Глава Представительства Россотрудничества в Астане Ольга Филонова - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Астанадағы "Россотрудничество" өкілдігінің басшысы Ольга Филонова
Квота бойынша іріктеу дәстүрлі түрде екі кезеңде өтеді. Астанадағы Русский дом Қазақстан Республикасындағы талапкерлерді іріктеудің бірыңғай операторы болып табылады. Барлық ресми ақпаратты Русский домның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан немесе абитуриенттерге арналған сайттан алуға болады. Тек шынайы ақпаратты пайдалану өте маңызды. Жалған сайттарға кірмеңіздер. Ол сайттарды дайындаушылар жеке деректерді ұрлау және ақша жымқыруды көздейді.
- Болашақ студенттерге қандай кеңес бере аласыз?
Көп нәрсе студенттің өзіне байланысты, ол білім алу үшін келсе, міндетті түрде білімін арттыра түседі. Ал квота бойынша оқуға баратындарға құжаттарды толтыру кезінде нұсқаулықты мұқият оқып шығуға кеңес беремін. Ол ережелер күрделі емес. Бірақ қарапайым қателік оқуға қабылдауға кедергі келтірсе, өкінішті болады.
Астанадағы Русский дом 17 қазаннан бастап орыс тілінің онлайн курстарын бастады. Орыс тілін жақсы білу де оқуға түсуге көмектеседі. Қазір топ құрылды, бірақ әлі де курстарға жазылуға болады.
Талапкерлер оқу орындары өз қабырғасында қоғамдық өмірге, спортқа қатысатын, олимпиадаларда жетістіктері бар бастамашыл студенттерді көргісі келетінін есте ұстаған жөн. Осы факторлардың барлығы аттестаттағы жоғары бағамен бірге табысқа ықпал етеді.
Жаңалықтар
0