Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нығая береді - Лавров

© Photo / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров во время встречи с заместителем премьер-министра - министром иностранных дел Казахстана Мухтаром Тлеуберди в Москве
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров во время встречи с заместителем премьер-министра - министром иностранных дел Казахстана Мухтаром Тлеуберди в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 қазан — Sputnik. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жыл ішінде дамығанын айтады.
Ол барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ әртүрлі алаңдарда мемлекетаралық өзара іс-қимылдың заманауи, серпінді моделін құруға қол жеткізгенін атап өтті.
"Қазақстандық достарымызбен қарым-қатынасымыздың болашағына біз оптимизммен қараймыз. Біздің арамыздағы татулықты бұзу ешкімнің қолынан келмейді. Өзара қалыптасқан сенімнің арқасында біз қарапайым сұрақтан бастап, күрделі мәселелерге дейін ашық түрде келіссөз жүргізе аламыз. Сондай-ақ кез-келген мәселелерді шешуде өзара қолайлы жолдар туралы келісе аламыз", - деді Сергей Лавров Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай "Халықаралық өмір" журналының оқырмандарына сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттер арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында үдемелі дамуын жалғастырып келеді. Біздің экономикаларымыз үшін өмірлік маңызы бар салаларда, ғылым-білім беру саласында ірі бірлескен жобалар іске асырылып жатыр.
Ресей мен Қазақстанның транзиттік әлеуетінің артықшылықтары тиімді пайдаланылады. Шағын және орта бизнес желісі бойынша байланыстар кеңейіп келеді, деп атап өтті Ресей СІМ басшысы.
"Байқоңыр" ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану шынайы стратегиялық әріптестіктің жарқын мысалы. Мәдени-гуманитарлық алмасулар қарқынды дамып келеді. Ресейдің Қазақстандағы күндері, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі күндері тұрақты негізде өткізіледі. Ол сондай-ақ Мәскеу мен Астананың Еуразиялық кеңістіктегі жемісті ынтымақтастығын атап өтті.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграцияны тереңдету, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты, ең алдымен ҰҚШҰ желісін нығайтуда жоспарлы қадамдар жасалып жатыр. ТМД-да көптеген өзара тиімді бастамалар жүзеге асырылып келеді.
Жаңалықтар
0