Мәдениет

Қазақстандық фильм халықаралық Канн кинофестивалінде гран-при ұтып алды

© AFP 2024 / Antonin ThuillierЧлены жюри на церемонии закрытия 72-го Каннского международного кинофестиваля
Члены жюри на церемонии закрытия 72-го Каннского международного кинофестиваля - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Қазақстандық актерлердің "Анашым, мен тірімін!" фильмі Канн кинофестивалінде гран при ұтып алды. Бұл жолы байқауға 16 мемлекет қатысып, 38 фильм көрсетілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас продюсер әрі сценарист Азиз Заиров шығармасы негізінде түсірілген фильм барлық аналарға, әсіресе балаларының онкологиясымен күресіп, ауыр сынақтардан өтіп жүрген аналарға арналған.
"Біз үш кезеңнен тұратын толықметражды фильм түсірдік. Біріншісі "Шексіз мүмкіндіктер" деп аталады. Мұнда актер болуды армандайтын церебральды сал ауруы диагнозы қойылған жас жігіт туралы бейнеленген. Екінші фильм "Қыз бен теңіз" деп аталады. Өмірде бәріне қол жеткізген ерекше күтімді қажет ететін қыз туралы, ол да кез-келген қыз сияқты сүйікті адамын кездестіріп, отбасы мен балалары болғанын армандайды",- дейді фильмнің бас продюсері, әрі сценарист Азиз Заиров.
Ал үшінші кезеңі "Анашым, мен тірімін!" фильмі. Ювеналды полиция офицері Сәуле Ысқақованың жалғыз қызы балалар үйінде тәрбиеленген, бірақ тәртібі нашар, бұзақы балаға ғашық болады. Салдарынан үйде қыздың әкесі мен шешесінің арасында жанжал туады.
Сәуле қызының махаббатын уайымдап жүргенде, қыз қатерлі ісікке шалдығады. Фильмді түсіргендер: қоюшы режиссерлер Мұхамед Мамырбеков, Азиз Заиров. Қоюшы - оператор Қазбек Амержанов. Қоюшы-суретші Алексей Филимонов. Дыбыс Инженері Илья Коробейников.
Ал басты рөлдерде: Сұлтан Шеңгел, Ілияс Оутов, Адель Махмұтова, Асланби Медеулов, Бақытжан Орынбасар ойнады. Композиторы Әсел Омарова.
"Мен полиция қызметкерінің жалғыз қызы боламын. Сценарий бойынша қатерлі ісікке шалдығамын. Түсірілімнің алғашқы күндері рөлді сомдау өте ауыр болды. Әрине, қиналдым. Неге маған мына кейіпкерді берді деп ренжіген де кезім болды. Ал түсірілімнің соңғы күндері рөлімді ойнау керісінші оңай болды",-дейді актирса Адель Махмутова.
Айта кетейік, халықаралық Канн фестивалі 1946 жыл 20 қыркүйектен бері дәстүрлі түрді өткізіліп келеді. Аталған байқауды кинофильм жанрындағы шығармалардың ең үздіктері таңдалады.
Жаңалықтар
0