Өңірлер

Павлодар облысында оқушылар мәдениет үйінде сабақ оқып жүр - білім басқармасы не дейді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Павлодар облысында Сарышығанақ мектебінің оқушылары жаңа оқу жылы басталғалы ауылдағы мәдениет үйінде сабақ оқып жүр. Себебі мектеп ғимаратында жөндеу жұмыстары әлі аяқталмады. Облыстық білім беру басқармасы жөндеудің не себепті ұзарып кеткенін түсіндірді.
Бұған дейін Astana TV арнасы кішкентай ғана ғимаратта 50-ге тарта оқушы білім алуға мәжбүр екенін хабарлады.
"Бізге бұл жер ыңғайсыз. Бірінші сынып үшін өте қиын. Көрші сыныппен ортамызды шымылдық ғана бөліп тұр. Интерактивті тақта жоқ, суықта дәретханаға шығу да мұң. Кейде отты көп жаққанда ыстықтан балалар маужырап, ұйықтап қалады", - дейді мектеп мұғалімі Елена Рахматулина.
Sputnik Қазақстан облыстық білім беру басқармасы хабарласып, жөндеу жұмыстарының не себепті ұзарып кеткенін білді.
Сарышығанақ мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын "ГрадСтройСервис" ЖШС жүргізіп жатыр. Келісімшарт бойынша жұмыс 13 маусымда басталған. Ал аяқталу мерзімі – 13 қараша. Бүгінде екінші және үшінші қабатты әрлеу жұмыстары аяқталды. Бірінші қабаттың 80 проценті дайын. Еденге бетон құйылды, оған линолеум төселеді. Электр сымдарды тарту жұмысы да аяқталуға жақын. Шатыр 75 процентке дайын. Терезелер де толығымен ауыстырылады.
"Ішкі жылу жүйесін жертөле арқылы жүргізіп, барлық қабаттарға шығарып қойды. Алайда жұмыс уақытша тоқтап тұр. Себебі радиаторлар келмей жатыр. Нысанда барлығы 24 адам жұмыс істеп жүр. Жалпы барлық жұмыс 66 процентке бітіп тұр", - дейді басқарма мамандары.
Astana TV-ның мәліметіне сәйкес, облыстағы Голубовка ауылының оқушылары да бір жарым айдан бері ауылдық клубта білім алып жатыр. Өйткені мектептің құрылыс жұмыстары бітпеген.
Жаңалықтар
0