Министр Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер жайлы: бұрынғы қалыпқа оралдық

© AFP 2024 / STRINGERРесейліктер
Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтарының саны азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір бұрынғы қалыпқа оралдық. Ресейден келіп жатқан азаматтар саны елден шығып жатқаннан аз. Ресейден тәулігіне 8-9 мың азамат келсе, 10-11 мыңы шығып жатыр", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.
Айтуынша, арасында депортацияланғандар да бар. Бірақ министр олардың нақты санын айтпады.
"Тек ресейліктер ғана емес, көші-қон заңын бұзған азаматтардың бәрі сот арқылы мемлекеттік шекарадан шығарылады", - деді ІІМ басшысы.
Офисные работники - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2022
Қазақстанға келген ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жүр
Жаңалықтар
0