https://sputnik.kz/20221018/ministr-evrokhim-basshylaryna-zhauapkershilikti-qatan-saqtaudy-tapsyrdy-28595201.html
Министр "ЕвроХим" басшыларына жауапкершілікті қатаң сақтауды тапсырды
Министр "ЕвроХим" басшыларына жауапкершілікті қатаң сақтауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысына жасаған іс-сапарында "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС мен... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T21:57+0500
2022-10-18T21:57+0500
2022-10-18T21:57+0500
зауыт
министр
https://sputnik.kz/img/07e4/07/16/14543637_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_9cd11a9b9081ba097c5b69b6eef284eb.jpg
АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысына жасаған іс-сапарында "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС мен "Qazaq Soda" кәсіпорнында болды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналында. Халықаралық "ЕвроХим" химиялық компаниясының "Қаратау" фосфоритті бассейн кен орындарын әзірлеу және минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы" инвестициялық жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресейдің үкіметаралық келісімі аясында іске қосылған. Жобаның алғашқы кезеңінде "ЕвроХим" тау-кен кешенін игеру бағытында 126 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Бүгінде кәсіпорында 550-ге жуық адам жұмыс істейді. 2021 жылы компания 613 мың тонна кен өндірген. Жобаның екінші кезеңінде жылына 1 млн тоннаға дейін дайын өнім шығаратын өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде қосымша 138,7 млн доллар көлемінде қосымша инвестиция тартылды. Бұл қаржы жобалық-бағдарлау жұмыстарын жүргізу, энергиямен қамтамасыз ету, су жүйелерін тарту, тазарту нысандары мен дикальций фосфатын өндіру үшін шикізат қоймасы құрылысын салуға бағытталған. Қайырбек Өскенбаев "ЕвроХим" басшыларына тек қана зауыт салып, кен өндіру жауапкершілігін алмағанын, сонымен бірге дайын өнім шығару міндеті жүктелгенін еске салды. "Qazaq Soda" кәсіпорнына ат басын тіреген Қайырбек Өскенбаев кальцинирленген сода өндіретін зауыт құрылысының жобасымен танысты. Бұл кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Инвестор ретінде тартылған "Yildirim Holding Kazakhstan" басшылары аталған өндіріс ошағына 142 млрд теңге салуға ниетті. Іскер топ өкілдері 2024 жылға қарай заманауи технологияның арқасында қалдықсыз жұмыс істейтін бірегей зауыт салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қайырбек Өскенбаев кәсіпорын жұмысымен танысу барысында химия өнеркәсібі отандық экономиканың негізгі салаларының бірі екендігін айтты. Аталған саланы дамытудағы ерекше қарқын индустриялық бағдарламаның алғашқы бесжылдығын іске асыруда ерекше ықпал еткен. Бүгінде бұл тараптағы негізгі көрсеткіштер саланы дамытуға оң серпін беріп келеді. "2015 жылдан бері өндіріс көлемі екі жарым есе өсті. Ал экспорттың үлесі бір жарым есеге артқан. Индустриялық-инновациялық даму саясатын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен бері жыл сайынғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21 есе артты. 2010-2020 жылдары аралығында елімізде химия өнеркәсібінің негізгі іргетасы қаланды. Салаға тың серпін берілді. Химия өнімдерінің санымен қатар сапасы да артты. Өз кезегінде бұл жоба еліміздегі кальцинирленген содаға деген ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/16/14543637_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_0ffb0edccfad3209280bfa6b21197161.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, министр
АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысына жасаған іс-сапарында "ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС мен "Qazaq Soda" кәсіпорнында болды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналында.
Халықаралық "ЕвроХим" химиялық компаниясының "Қаратау" фосфоритті бассейн кен орындарын әзірлеу және минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы" инвестициялық жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресейдің үкіметаралық келісімі аясында іске қосылған. Жобаның алғашқы кезеңінде "ЕвроХим" тау-кен кешенін игеру бағытында 126 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Бүгінде кәсіпорында 550-ге жуық адам жұмыс істейді. 2021 жылы компания 613 мың тонна кен өндірген.
Жобаның екінші кезеңінде жылына 1 млн тоннаға дейін дайын өнім шығаратын өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде қосымша 138,7 млн доллар көлемінде қосымша инвестиция тартылды. Бұл қаржы жобалық-бағдарлау жұмыстарын жүргізу, энергиямен қамтамасыз ету, су жүйелерін тарту, тазарту нысандары мен дикальций фосфатын өндіру үшін шикізат қоймасы құрылысын салуға бағытталған.
Қайырбек Өскенбаев "ЕвроХим" басшыларына тек қана зауыт салып, кен өндіру жауапкершілігін алмағанын, сонымен бірге дайын өнім шығару міндеті жүктелгенін еске салды.
"Бұл – маңызды міндет. 6 айдан кейін жобаны жүзеге асыруда тапсырмалар мен міндеттердің қаншалықты тиімді іске асырылып жатқаны тексерілетін болады. Егер де бұл тарапта қандай да бір ілгерілеу байқалмайтын болса келісім шартты бұзу туралы мәселе қарастырылатынын қаперлеріңізге саламын", – деді министр.
"Qazaq Soda" кәсіпорнына ат басын тіреген Қайырбек Өскенбаев кальцинирленген сода өндіретін зауыт құрылысының жобасымен танысты. Бұл кәсіпорынның жылдық қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Инвестор ретінде тартылған "Yildirim Holding Kazakhstan" басшылары аталған өндіріс ошағына 142 млрд теңге салуға ниетті. І
скер топ өкілдері 2024 жылға қарай заманауи технологияның арқасында қалдықсыз жұмыс істейтін бірегей зауыт салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қайырбек Өскенбаев кәсіпорын жұмысымен танысу барысында химия өнеркәсібі отандық экономиканың негізгі салаларының бірі екендігін айтты. Аталған саланы дамытудағы ерекше қарқын индустриялық бағдарламаның алғашқы бесжылдығын іске асыруда ерекше ықпал еткен. Бүгінде бұл тараптағы негізгі көрсеткіштер саланы дамытуға оң серпін беріп келеді.
"2015 жылдан бері өндіріс көлемі екі жарым есе өсті. Ал экспорттың үлесі бір жарым есеге артқан. Индустриялық-инновациялық даму саясатын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен бері жыл сайынғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21 есе артты. 2010-2020 жылдары аралығында елімізде химия өнеркәсібінің негізгі іргетасы қаланды. Салаға тың серпін берілді. Химия өнімдерінің санымен қатар сапасы да артты. Өз кезегінде бұл жоба еліміздегі кальцинирленген содаға деген ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.