Астанада ресейліктерді тонаған екі адам ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Астана полицейлеріне түнгі уақытта “102” пультіне Сауран көшесіндегі жатақханада Ресей азаматтарын ұрып-соғып, мүлкін тартып алғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жатақханада ішімдік ішіп, салдарынан қонақтар арасында жанжал туындаған. Ішінде Ресейдің екі азаматы бар жатақхананы жалға алушылар арасында төбелес болған.
Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған. Полиция қызметкерлері ШҚО мен СҚО-ның 29 және 32 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.
Күдіктілерге қатысты 191-бабы “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0