https://sputnik.kz/20221018/aqsh-reseymen-kelissozge-dayyn-ba-28605331.html
АҚШ Ресеймен келіссөзге дайын ба?
АҚШ Ресеймен келіссөзге дайын ба?
Sputnik Қазақстан
Өткен аптада батыс саясаткерлері бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады. Енді Киев билігі осы айтылған пікірлерге қатысты бір шешім қабылдауы керек, деп жазды... 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T18:43+0500
2022-10-18T18:43+0500
2022-10-19T09:43+0500
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_69a843f6771fade5c6cfc0c2cba2a079.jpg
Өткен аптада батыс саясаткерлері бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады. Енді Киев билігі осы айтылған пікірлерге қатысты бір шешім қабылдауы керек, деп жазды РИА Новости.Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеу мен Киев келіссөз үстеліне неғұрлым тезірек отыруы керек екенін айтты. Ол "Украина осы қадамға баруға міндетті", - деп мәлімдеді. Ал келесі күні ол Ресей Украинада ядролық қару қолданса, Франция мұндай әрекетке бармайтынын және бұл белгілі мәселе екенін айтты. Сосын твиттерде "Біз дүниежүзілік соғыс болғанын қаламаймыз" деген астарлы мәні бар пікірі жарияланды. Алайда, біршама уақыттан кейін ол Париж Владимир Зеленскийге өз аумағында тойтарыс беруіне көмектесуді жалғастыратынын мәлімдеді. Одан кейін Франция президенті Киевке CAESAR өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын жөнелтетінін жеткізді.Макроннан кейін еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель сөз алды. Алдымен ол Ресей Украинада ядролық соққы жасаса, Батыс ядролық қаруды қолданбайтынын, бірақ жойқын жауап қайтаратынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл ресейлік армияны толық жоюды білдіреді.Қарама-қайшы пікірлер АҚШ-та да жарияланып жатыр. Ақ үй Индонезиядағы G20 саммитінде Джо Байденнің Владимир Путинмен кездесуі жоспарланып отырмағанын мәлімдеді. Алайда, Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО сыртқы қақтығысқа тартылмайтынын атап өтті. Ал альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымның бір мүшесіне шабуылды бүкіл альянсқа шабуыл ретінде қарастыратын бесінші баптың Украинаға қатысты қолданылмайтынын мәлімдеді.Бірақ, альянс мүшелерінің ядролық қауіптің жоқтығы туралы кепілдіктеріне қарамастан, НАТО "Ресей шекарасынан 600 миль қашықтықта" ядролық оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. Мұндай әрекеттер арқылы Батыс қақтығыстың дипломатиялық жолмен шешілуін жақындатып жатқан жоқ. Украин билігімен келіссөз осы қақтығыстың себебіне айналған проблеманы шеше алмайды.Энергетикалық саясаттағы түбегейлі өзгерістер Еуропада күштер тепе-теңдігі өзгеріп жатқанын көрсетіп тұр. Мысалы, Еуроодақ экономикасының "тартылыс күші" болған Германия ресейлік жанармайдан қол үзіп жатыр және бұл оның өнеркәсібін тоқырауға әкелетін сыңайлы. Бұл жағдайда Германия екінші орынға ығысып, Германиядан газ алатын Польша сынды энергия ресурстарына қолжетімділігі бар мемлекеттер алдыңғы қатарға шықты."Украина дағдарысында көздеген мақсатына қол жеткізсе, АҚШ өз сыртқыт саясатының негізгі векторын Қытайға қарсы әрекет ету үшін Азия-Тынық мұхиты өңіріне қарай ығыстырады. Құрамына АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия кіретін AUKUS альянсы осы мақсатта құрылды", - деп жазылған материалда.Мақала авторының пікірінше, Украинаны жеңу Ресей үшін бірнеше мәселені шешкенімен, Еуропадағы ескі көшбасшылардың орнына жаңа билік етушілер пайда болу қаупі әлі де бар. Париж мен Берлин қақаған қыста жылусыз қалып, елдегі әлеуметтік толқулар салдарынан билікке егемендікті қаламайтын тұлғалар келуі үлкен қатер болып отыр.Сондықтан Владимир Путин Еуроодақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін "Солтүстік ағын – 2" жұмысын жандандыру мен Түркияда жаңа газ хабын құруға баса назар аударып отыр. Сонымен бірге, ОПЕК+ ұйымының жуырдағы шешімі Ресейдің мұнай мен газ нарығын АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда сенімдірек бақылайтынын кезекті рет дәлелдеді.Сонымен қатар, өткен аптада Ресей президенті Таяу Шығыс елдерінің басшыларымен, атап айтқанда, БАӘ президенті Мұхаммед ибн Заид Әл Нахайянмен, Катар әмірі Тамим бин Хамад әл Танимен және түрік әріптесі Режеп Тайип Эрдоғанмен кездесті. Бұл кездесулердегі мәлімдемелер Кремльдің энергетикалық нарықтағы ұстанымдарының және Таяу Шығыспен тығыз байланыстарының беріктігін ғана емес, сонымен бірге бұл елдердің Батыспен ықтимал келіссөздерді дайындауда делдал болу мүмкіндігін де айғақтайды.
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_942e048bc5014d79587dae4a71fe9ff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
Өткен аптада батыс саясаткерлері бірқатар маңызды мәлімдемелер жасады. Енді Киев билігі осы айтылған пікірлерге қатысты бір шешім қабылдауы керек, деп жазды
РИА Новости.Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеу мен Киев келіссөз үстеліне неғұрлым тезірек отыруы керек екенін айтты. Ол "Украина осы қадамға баруға міндетті", - деп мәлімдеді. Ал келесі күні ол Ресей Украинада ядролық қару қолданса, Франция мұндай әрекетке бармайтынын және бұл белгілі мәселе екенін айтты. Сосын твиттерде "Біз дүниежүзілік соғыс болғанын қаламаймыз" деген астарлы мәні бар пікірі жарияланды. Алайда, біршама уақыттан кейін ол Париж Владимир Зеленскийге өз аумағында тойтарыс беруіне көмектесуді жалғастыратынын мәлімдеді. Одан кейін Франция президенті Киевке CAESAR өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын жөнелтетінін жеткізді.
Макроннан кейін еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель сөз алды. Алдымен ол Ресей Украинада ядролық соққы жасаса, Батыс ядролық қаруды қолданбайтынын, бірақ жойқын жауап қайтаратынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл ресейлік армияны толық жоюды білдіреді.
Қарама-қайшы пікірлер АҚШ-та да жарияланып жатыр. Ақ үй Индонезиядағы G20 саммитінде Джо Байденнің Владимир Путинмен кездесуі жоспарланып отырмағанын мәлімдеді. Алайда, Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО сыртқы қақтығысқа тартылмайтынын атап өтті. Ал альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйымның бір мүшесіне шабуылды бүкіл альянсқа шабуыл ретінде қарастыратын бесінші баптың Украинаға қатысты қолданылмайтынын мәлімдеді.
Бірақ, альянс мүшелерінің ядролық қауіптің жоқтығы туралы кепілдіктеріне қарамастан, НАТО "Ресей шекарасынан 600 миль қашықтықта" ядролық оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. Мұндай әрекеттер арқылы Батыс қақтығыстың дипломатиялық жолмен шешілуін жақындатып жатқан жоқ. Украин билігімен келіссөз осы қақтығыстың себебіне айналған проблеманы шеше алмайды.
Энергетикалық саясаттағы түбегейлі өзгерістер Еуропада күштер тепе-теңдігі өзгеріп жатқанын көрсетіп тұр. Мысалы, Еуроодақ экономикасының "тартылыс күші" болған Германия ресейлік жанармайдан қол үзіп жатыр және бұл оның өнеркәсібін тоқырауға әкелетін сыңайлы. Бұл жағдайда Германия екінші орынға ығысып, Германиядан газ алатын Польша сынды энергия ресурстарына қолжетімділігі бар мемлекеттер алдыңғы қатарға шықты.
"Украина дағдарысында көздеген мақсатына қол жеткізсе, АҚШ өз сыртқыт саясатының негізгі векторын Қытайға қарсы әрекет ету үшін Азия-Тынық мұхиты өңіріне қарай ығыстырады. Құрамына АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия кіретін AUKUS альянсы осы мақсатта құрылды", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, Украинаны жеңу Ресей үшін бірнеше мәселені шешкенімен, Еуропадағы ескі көшбасшылардың орнына жаңа билік етушілер пайда болу қаупі әлі де бар. Париж мен Берлин қақаған қыста жылусыз қалып, елдегі әлеуметтік толқулар салдарынан билікке егемендікті қаламайтын тұлғалар келуі үлкен қатер болып отыр.
Сондықтан Владимир Путин Еуроодақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін "Солтүстік ағын – 2" жұмысын жандандыру мен Түркияда жаңа газ хабын құруға баса назар аударып отыр. Сонымен бірге, ОПЕК+ ұйымының жуырдағы шешімі Ресейдің мұнай мен газ нарығын АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда сенімдірек бақылайтынын кезекті рет дәлелдеді.
Сонымен қатар, өткен аптада Ресей президенті Таяу Шығыс елдерінің басшыларымен, атап айтқанда, БАӘ президенті Мұхаммед ибн Заид Әл Нахайянмен, Катар әмірі Тамим бин Хамад әл Танимен және түрік әріптесі Режеп Тайип Эрдоғанмен кездесті. Бұл кездесулердегі мәлімдемелер Кремльдің энергетикалық нарықтағы ұстанымдарының және Таяу Шығыспен тығыз байланыстарының беріктігін ғана емес, сонымен бірге бұл елдердің Батыспен ықтимал келіссөздерді дайындауда делдал болу мүмкіндігін де айғақтайды.