https://sputnik.kz/20221018/72-mikroqarzhy-uyym-lombard-litsenziya-28595537.html
Жыл басынан бері 72 микроқаржы ұйымы мен ломбард лицензиядан айырылды
Жыл басынан бері 72 микроқаржы ұйымы мен ломбард лицензиядан айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 10 айдың ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйымды лицензиясынан айырды. 18.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-18T16:53+0500
2022-10-18T16:53+0500
2022-10-18T16:53+0500
экономика
ломбард
лицензия
https://sputnik.kz/img/295/14/2951461_0:51:1500:895_1920x0_80_0_0_376929362507f1d23c5b0c2eacecc7b0.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 10 айдың ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйымды лицензиясынан айырды.Агенттік микроқаржыландыру нарығын талаптарға сай келмейтін және тұтынушылардың мүддесіне айтарлықтай қауіп төндіретін жауапсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп тұрады.Лицензиядан айыруға мыналар негіз болған:10 микроқаржы ұйымы, 7 ломбард және 6 кредиттік серіктестік бойынша: лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;1 микроқаржы ұйымы бойынша: уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде орындамау;1 микроқаржы ұйымы бойынша: қызметін заңдардың, уәкілетті органның, Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамалық түрде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;6 микроқаржы ұйымы, 39 ломбард және 2 кредиттік серіктестік бойынша: қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметті ерікті түрде тоқтату.Сондай-ақ уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағаны үшін "Ломбард Astana Gold" ЖШС лицензиясының қолданысы биыл 8 тамыздан бастап 3 айға тоқтатылды.Агенттіктің мәліметінше, 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсім байқалады. Осыған байланысты 10 ірі микроқаржы ұйымына қатысты тексеріс жүргізу жоспарланып отыр. Өйткені 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-і соларға тиесілі.Осы жылдың соңына дейін 6 микроқаржы ұйымында тексеріс аяқталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/295/14/2951461_109:0:1500:1043_1920x0_80_0_0_d1b02df2bbc5767d1ebc24f36784310e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ломбард, лицензия
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 10 айдың ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыратын 72 ұйымды лицензиясынан айырды.
Агенттік микроқаржыландыру нарығын талаптарға сай келмейтін және тұтынушылардың мүддесіне айтарлықтай қауіп төндіретін жауапсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп тұрады.
"Осыған байланысты агенттік жыл басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға, соның ішінде 18 микроқаржы ұйымына, 42 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды", - деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Лицензиядан айыруға мыналар негіз болған:
10 микроқаржы ұйымы, 7 ломбард және 6 кредиттік серіктестік бойынша: лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;
1 микроқаржы ұйымы бойынша: уәкілетті органның жазбаша ұйғарымдарын жүйелі түрде орындамау;
1 микроқаржы ұйымы бойынша: қызметін заңдардың, уәкілетті органның, Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыру, сондай-ақ заңнамалық түрде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;
6 микроқаржы ұйымы, 39 ломбард және 2 кредиттік серіктестік бойынша: қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметті ерікті түрде тоқтату.
Сондай-ақ уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамағаны үшін "Ломбард Astana Gold" ЖШС лицензиясының қолданысы биыл 8 тамыздан бастап 3 айға тоқтатылды.
Агенттіктің мәліметінше, 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсім байқалады. Осыған байланысты 10 ірі микроқаржы ұйымына қатысты тексеріс жүргізу жоспарланып отыр. Өйткені 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-і соларға тиесілі.
Осы жылдың соңына дейін 6 микроқаржы ұйымында тексеріс аяқталады.